Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Державин қаласының және Уәлихан ауылдық округінің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 24 қыркүйекте екі сайлау округі бойынша Жарқайың ауданының Державин қаласының және Уәлихан ауылдық округінің әкімдерін сайлау өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Державин қаласының және Уәлихан ауылдық округінің әкімдері сайлауының қорытындылары туралы №482, №483, №484, №485, №486, №488 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:
Державин сайлау округі
Державин қаласы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4998 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 3549. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 244, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 324.
Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:
З.Ж.Смағұловқа – 2342; Ж.С.Тәкеноваға – 639.
Державин қаласының әкімі болып Смағұлов Заур Жамбылұлы, 1988 жылы туған, Державин қаласының тұрғыны, «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бас маманы сайланды, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Уәлихан сайлау округі
Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 519 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 391. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 9, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 39.
Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:
Г.Н.Имішеваға – 66; Н.Н.Өтесіновке – 227.
Уәлихан ауылдық округінің әкімі болып Өтесінов Нұрберген Нұрғалиұлы, 1971 жылы туған, Пригород ауылының тұрғыны, «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» ММ әкімнің көмекшісі сайланды, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы