Ақмола облысы Жарқайың ауданының 2023 жылдың 24 қыркүйегіне тағайындалған сайлауға Державин қаласының және Уәлихан ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
2023 жылғы 3 қыркүйекте Жарқайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Х. Рамазанова Жарқайың ауданының Державин қаласы және Уәлихан ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.
Ол 2023 жылғы 3 қыркүйекте сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Жарқайың ауданының сайлау комиссиясы Жарқайың ауданының Державин қаласы және Уәлихан ауылдық округі әкіміне ұсынылған 6 кандидаттан 4 адамды тіркегенін хабарлады.
Дежавин қаласы әкіміне кандидаттар:
Уәлихан ауылдық округі әкіміне кандидаттар:
Жарқайың ауданының Державин қаласы және Уәлихан ауылдық округ әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.
2023 жылдың 3 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2023 жылдың 23 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы "Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы" 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі
Жарқайың аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы