Жарқайың ауданының Державин қаласының және Уәлихан ауылдық округінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2023 жылғы 16 тамыздағы  № 71/352

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Жарқайың ауданының Державин қаласының және

Уәлихан ауылдық округінің әкімдерін

сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жарқайың ауданының Державин қаласының және Уәлихан ауылдық округінің әкімдерін сайлау бойынша – Державин қаласы аумағының шекарасында Державин сайлау округі; Уәлихан, Достық ауылдары аумағының шекарасында Уәлихан сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, Жарқайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Жарқайың тынысы», «Целинное знамя» газеттерінде жариялансын.

 

 

Жарқайың ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

төрайымы                                                                           Ж.Рамазанова

 

 

 

Дата публикации
16 августа 2023