Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 16 тамыздағы  № 72/353 ҚАУЛЫСЫ     Жарқайың ауданының Державин қаласының және Уәлихан ауылдық округінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

    

 

 

Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2023 жылғы 16 тамыздағы  № 72/353

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Жарқайың ауданының Державин қаласының және

Уәлихан ауылдық округінің әкімдерін

сайлауды тағайындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) т, 113-1 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылдың 24 қыркүйегіне Жарқайың ауданының Державин қаласының және Уәлихан ауылдық округінің әкімдерін сайлау тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2023 жылдың 24 қыркүйегіне тағайындалған, Жарқайың ауданының Державин қаласының және Уәлихан ауылдық округінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Жарқайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Жарқайың тынысы», «Целинное знамя» газеттерінде жариялансын.

 

 

Жарқайың ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

төрайымы                                                                           Ж.Рамазанова

 

 

 

Дата публикации
16 августа 2023