ХАБАРЛАМА
Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Державин қаласы, Ленин көшесі, 34 үй мекен-жайы бойынша 2023 жылғы 31 шілдеден бастап 2023 жылғы 18 тамызды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: 2023 жыл 21 тамыз сағат 10.00-де мекен-жай Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 үй
|
№ п/п |
Жер учаскесінің орналасқан жері (Лоттың №) |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) |
Алаңы (га) |
Бонитет балы |
Топырақсипаттамасыныңсапасы |
Нысаналы мақсаты |
Суменқамтамасызетілуі |
Өңірдіңауылшаруашылықмамандануы |
|
1 |
(№ 16 лот) Тасөткел ауылы |
жақсартылған жайылым |
373,9090 |
32,5 |
күңгірт-күрең топырақ |
шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
суландырылмаған |
мал шаруашылығы |
|
2 |
(№ 18 лот) Үшқарасу ауылы |
Барлық алаңы: соның ішінде: егістік табиғи жайылым |
419,2001
388,0 31,2001 |
29,8 12,8 |
күңгірт-күрең топырақ |
шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
суландырылмаған |
өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығы |
|
3 |
(№ 1 лот) Гастелло ауылы |
табиғи жайылым |
52,0 |
25,4 |
күңгірт-күрең топырақ |
шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
суландырылмаған |
мал шаруашылығы |
|
4 |
(№ 2 лот) Пятигор ауылы |
егістік |
72,0 |
24,0 |
күңгірт-күрең топырақ |
шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
суландырылмаған |
мал шаруашылығы |
|
5 |
(№ 3 лот) Нахым ауылдық округі |
Барлық алаңы: соның ішінде: табиғи жайылым жақсартылған жайылым |
110,0
24,4 85,6 |
25,3 25,8 |
күреңтопырақ |
шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
суландырылмаған |
мал шаруашылығы |
|
6 |
(№ 4 лот) Шойындыкөл ауылы |
табиғи жайылым |
5 000,0 |
8,0 |
күреңтопырақ |
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
су басқан |
мал шаруашылығы |
Конкурс Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағындағы көрсетілген ақпараты қамтылуы тиіс.
Конкурстық ұсыныста қамтылуы тиіс:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Ұпайлар келесі критерийлер бойынша беріледі:
- 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі
- осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын тұлғаларға.
Конкурсқа өтінімдер беру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 42 қаулысын басшылыққа алу қажет «Уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн бекіту туралы». Өтінімде ауыл шаруашылығы алқаптарының болуын көрсету.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы,Жарқайың ауданы әкімдігінің http://zharkain.gov.kz/интернет-ресурстарында немесе Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің 8(71648)92387 телефон нөмірі бойынша алуға болады.