2023 -2025 жылдарға арналған аудандық бюджетке
түсіндірме жазба
2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, ҚР Еңбек кодексіне, Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жоспарланған, және жеке атқарушы органдардың штаттық санының лимиті негізінде есептелді.
2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеттің кірістері келесі көлемдерде жоспарланды:
2023 жылы – 3940370,0 мың теңге;
2024 жылы – 2228348,0 мың теңге;
2025 жылы – 2137862,0 мың теңге.
2023 жылға арналған жеке кірістердің жалпы көлемі (833014,0 мың теңге) 88,7% салықтық түсімдерді алады, салықтық емес түсімдер 1,7%, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер– 9,6% құрайды.
2023 жылға арналған кірістер келесі көздердің есебінен анықталды:
салықтық түсімдер 738615,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
- әлеуметтік салық 397788,0 мың теңге сомасында;
салықтық емес түсімдер 14371,0 мың теңгені құрайды;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 80028,0 мың теңгені құрайды;
трансферттер түсімдері 3107356,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
субвенция- 1059533,0 мың теңге;
трансферттер -2047823,0мың,теңге.
2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеттің шығыстары келесі көлемдерде жоспарланды:
2023 жылы – 3860370,0 мың теңге;
2024 жылы – 2074361,0 мың теңге;
2025 жылы – 1983875,0 мың теңг.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық топ
бойынша шығыстар 1237813,0 мың теңге сомасына жоспарланды.
Бюджетке келесі шығындар ескерілді:
аудан мәслихатының аппараты– 42941,0 мың теңге;
аудан әкімінің аппараты– 167520,0 мың теңге;
ауданның экономика және қаржы бөлімі– 68401,0 мың теңге;
ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі– 38597,0 мың теңге;
төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер –880772,0 мың теңге оның ішінде облыстыұқ бюджеттен 643956,0 мың теңге;
Мемлекеттік органның күрделі шығыстарына 37882,0 мың теңге;
Ағымдағы бюджет бойынша, аппараттарды ұстаудан басқа салық салу мақсатында мүлікке бағалауды жүргізуге - 700,0 мың теңгеге, жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу – 1000,0 мың теңгеге қаражат қарастырылды.
02 «Қорғаныс» функционалдық топ бойынша шығыстар 8200,0 мың теңге сомасына жоспарланды.
Аталған функционалдық топ бойынша жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларға шығыстар – 5022,0 мың теңгеге қарастырылуда, аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға – 2348,0 мың теңге; аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар -830,0 мың теңге.
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
функционалдық топ бойынша шығыстар 3000,0 мың теңге сомасына жоспарланды.
Аталған функционалдық топ бойынша шығыстар қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне қарастырылуда.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
06 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық топ бойынша шығыстар 334936,0 мың теңге сомасында жиналды.
Аудан бюджетінде қаражат ескерілді:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектерді төлеуге – 20460,0 мың теңге, оның ішінде: облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 13578,0 мың теңге сомасына;
жұмыспен қамту бағдарламасына - 94446,0 мың теңге, оның ішінде:
тұрғын үйге көмек көрсетуге - 726,0 мың теңге;
жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекке - 28533,0 мың теңге, облыстық бюджеттен трансферттер 513,0мың теңге сомасына;
үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге – 778,0 мың теңге;
мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге - 2869,0 мың теңге, жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге – 34527,0 мың теңге;
ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аппаратын ұстауға – 56366,0 мың теңге;
жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеуге – 421,0 мың теңге;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен - 18423,0 мың теңге бөлінді;
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру – 60177,0 мың теңге, оның ішінде: облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 44591,0 мың теңге.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету -17390,0 тыс.тенге облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 14670,0 мың теңге сомасына.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» функционалдық топ бойынша шығыстар 1269544,0 мың теңгеге құралды.
Бюджетте келесі іс-шараларға қаражаттар жоспарланды:
мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруға – 142086,0 мың теңге оның ішінде: облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 136086,0 мың теңге;
сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуіне -46089,0 мың теңге;
елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыруға -2000,0 мың теңге;
Шағын қалаларды жылумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету -99960,0 мың теңге;
ауданның коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыруға - 183062,0 мың теңге оның ішінде: облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 149875,0 мың теңге;
Бюджетті дамыту 796347,0 мың теңге сомасына жоспарланды, оның ішінде:
сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 531083,0 мың теңге, оның ішінде «Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту (3 кезек)» республикалық бюджетінен 436351,0 мың теңге сомасында бөлінді, облыстық бюджеттен – 151608,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен -50000,0 мың теңге ;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау-225000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 200000,0 мың теңге; (Державинск қаласындағы "Молодежный" шағын ауданындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы (8- позиция);
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру - 40264,0 мың теңге, облыстық бюджеттен трансферттер есебінен -27707,0 мың теңге (Державинск қаласындағы "Молодежный" шағын ауданындағы сексен пәтерлі тұрғын үйге (8 -позиция) абаттандыру және инженерлік желілерің құрылысы);
Мәдениет, спорт, туризм және
ақпараттық кеңістік
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық топ бойынша шығыстар 475942,0 мың теңге көлемінде қарастырылды.
Бюджетте келесідегі іс-шараларға қаражаттар жоспарланды:
мәдени-демалыс жұмысын қолдауға – 155998,0мың теңге;
аппараттарын ұстауға – 57727,0 мың теңге;
аудандық деңгейде спорттық жарыстарды өткізуге - 3788,0 мың теңге;
облыстық спорттық жарыстарды әр түрлі спорт жарыстары бойынша ауданның құрама командалар мүшелерін әзірлеуге және қатыстыруға - 5420,0 мың теңге;
аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуіне – 77126,0 мың теңге;
мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамытуға - 14023,0 мың теңге;
мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерге - 40900,0 мың теңге;
ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарына-109885 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен -100000,0 мың теңге;
жастар саясаты саласында өңірлік бағдарламаларды іске асыруға – 11075,0 мың теңге.
Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану
09 «Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» функционалдық топ бойынша шығыстар 149875,0 мың теңге көлемінде қарастырылды.
«Жылу-энергетикалық жүйені дамыту» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 149875,0 мың теңге сомасында бөлінді «Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державинск қ. жылу желілерін қайта жаңарту, № 13 қазандықтан бастап Ленина көшесіне дейінгі № 2 учаскесі».
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау,
жер қатынастары
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық топ бойынша шығыстар 70311,0 мың теңге сомасына қарастырылды.
Бюджетте шығыстар ескерілді:
мамандардың әлеуметтік қолдау көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыруға – 4506,0 мың теңге;
аппаратын ұстауға - 65805,0 мың теңге;
Өнеркәсіп, сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметтері
11 «Өнеркәсіп, сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметтері» функционалдық топ бойынша шығыстар 33144,0 мың теңге сомасында қарастырылды.
Бюджетте шығыстар ескерілді:
аппаратын ұстауға – 23144,0 мың теңге;
аудан аумағында қалақұрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарын әзірлеуге - 10000,0 мың теңге.
Көлік және коммуникация
12 «Көлік және коммуникация» функционалдық топ бойынша шығыстар 11000,0 мың теңге сомасында қарастырылды.
Бюджетте шығыстар ескерілді:
- ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге – 1000,0 мың теңге;
- әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға - 10000,0 мың теңге.
Басқалар
13 «Басқалар» функционалдық топ бойынша шығыстар 16656,0 мың теңге сомасында қарастырылды.
Бюджетте шығыстар ескерілді:
ауданның жергілікті атқарушы органының резерві аудандық бюджетте жеке түсімдерден 2% деңгейінде жоспарланды және – 16656,0 мың теңгені құрады;
Қарыздарды өтеу
14 «Қарыздарды өтеу» функционалдық топ бойынша шығыстар 38790,0 мың теңге сомасында қарастырылды, 021 «Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша.
Трансферттер
15 «Трансферттер» функционалдық топ бойынша шығыстар 211159,0 мың.теңге сомасында, оның ішінде:
038 «Субвенциялар» бюджеттік бағларламасы бойынша 211159,0 мың теңге.
III. Таза бюджеттік кредиттеу
Бюджеттік кредиттер. 5175,0 мың теңге сомасында бюжеттік кредиттер қарастырылған.
Бюджеттік кредиттерді өтеу. «Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» 501106 коды бойынша 2965,0 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттерді өтеу жоспарланды.
бойынша сальдо
Бюджет тапшылығы - 77790,0 мың теңгені құрайды.
Қарыздар түсімі.
Бюджеттік кредиттер бойынша жалпы қарыздар сомасы – 5175,0 мың теңге.
Қарыздарды өтеу.
Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 2010-2020 жылдары берілген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарыздарды өтеуге 2965,0 мың теңге қарастырылды; қайта жаңарту және жылу – сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы және су бұру жөніндегі жергілікті атқарушы органның қарызын өтеу – 80000,0 мың теңге.
Бөлім басшысы Б. Ахметова