Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы

 Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы

"Күміс жас" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

          Жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен шарттық негізде жұмыссыздарды олардың жалақысын субсидиялай отырып жұмысқа орналастыру үшін құратын жұмыс орны;

         Жұмыс орындары меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

 

Қатысу мерзімі:

-50 жастан асқан адамдар үшін жұмыс орындары құрылады.

-Қатысу мерзімі-36 айдан аспайды.

 

Қаржыландыру тәртібі:

Субсидиялардың ай сайынғы мөлшері:

         1) қатысудың алғашқы 12 айы-жалақы мөлшерінің 70%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;

         2) қатысқан 13 айдан 24 айға дейін-жалақы мөлшерінің 65%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;

         3) қатысу айының 25-тен 36-на дейін-жалақы мөлшерінің 60%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.

        "Күміс жас" жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына, сондай – ақ зейнеткерлікке шыққанға дейін зейнеткерлік жасқа дейінгі адамды жұмысқа орналастыруға міндеттенеді.

Жұмысқа орналастырылған адамның еңбек қызметі кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.

Дата публикации
18 июня 2023