Жарқайың аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 65/326 қаулысына қосымша
Ақмола облысы Жарқайың ауданының 2023 жылдың 23 сәуіріне тағайындалған Отрадный ауылдық округінің әкімін сайлауды
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
|
1. Жарқайың ауданының Отрадный ауылдық округінің әкімін (бұдан әрі – әкімді) сайлауды тағайындау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде 2023 жылғы 15 наурыз (113-1-б. 3-т.) |
|
2. Сайлау округінің тізімін, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей- 2023 жылғы 25 наурыздан кешіктірмей (22-б.) |
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2023 жылғы 25 наурыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2023 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде- 2023 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2023 жылғы 16 наурызда басталады және 2023 жылғы 28 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б.1-т., 5 т.)
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау Аудандық сайлау комиссиясы |
|
|
|
(113-2-б.)
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап, жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып Өзін өзі ұсыну ретімен ұсынылған азаматтардан тиісті сайлау комиссияларына қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т., 9-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 наурызында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде (2023 жылдың 1 қаңтарына әр ұсынылған кандидатқа 70 000 теңге) сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
|
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2023 жылдың 1 наурызына) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелгенкүннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады Барлық қажетті құжаттарды алған күннен басталады және 2023 жылғы 2 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б.) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін 2023 жылғы 1 сәуірге дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2023 жылғы 2 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2023 жылғы 21 сәуірде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Ауданәкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2023 жылғы 2 сәуірге дейін (24-б. 5-т.) |
|
20.Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2023 жылғы 8 сәуірден бастап (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2023 жылғы 13 сәуірге дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
|
22.Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу Аудандық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2023 жылғы 20 сәуірден ерте емес және 2023 жылғы 22 сәуірден кешіктірмей (37-б. 3-т.)
|
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2023 жылғы 23 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімсайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.)
|
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2023 жылғы 26 сәуірден кешіктірмей (113-10-б. 1 т.)
|
|
29.Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2023 жылғы 27 сәуірден кешіктірмей (44-б.) |
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2023 жылғы 30 сәуірден кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.