ЖОБА «Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 С-64/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ЖОБА

 

«Жарқайың ауданында тұрғын үй

көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін

айқындау туралы» Жарқайың аудандық

мәслихатының 2020 жылғы

11 желтоқсандағы № 6 С-64/2

шешіміне өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №  6С-64/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8278 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі:

2 тарау. 3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген) сәйкес есептейді»;

2 тарау. 4 тармақ 3 абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.»;

2 тарау. 5 тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«5.Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға                                                   және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады, отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10% (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді»;

2 тарау. 5 тармақ  2 абзацпен толықтырылсын :

«Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы адамға 18 (он сегіз) шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 (отыз) шаршы метр болып қабылданады.»;

3 тарау. 9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Аз қамтылған отбасы (азамат) не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тұрғын үй көмегін тағайындау үшін мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінуге құқылы:

 1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжат. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

3) зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

 4) жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелгені туралы анықтама;

5) балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға арналған алименттер туралы мәліметтер;

6) банктік шот; Сараптама БЖ №020938 7 Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей.

7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

8) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

 9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттар немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмелері;

10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шоттар.

Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті беруші өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы алады.»;

3 тарау. 13  тармақпен толықтырылсын:

«13. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестеріруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.»

2. Осы шешім оның  алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

                                                   

Аты-жөні

 

 

 

 

 

         

 

Дата публикации
01 марта 2023