Жарқайың аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 ақпандағы № 6С-8/3 «Жарқайың ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жарқайың аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 ақпандағы № 6С-8/3 «Жарқайың ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Жарқайың аудандық мәслихатының «Жарқайың ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2017 жылғы 7 ақпандағы № 6С-8/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5757 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Жарқайың ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерінде:

 1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. Осы Жарқайың ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.»;

4-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«4. Оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;

6-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі –портал) осы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді. Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
28 февраля 2023