Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың № 8 бірмандатық сайлау округі бойынша тіркелгені туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес және мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын сәйкестігін белгілеу негізінде келіп түскен құжаттарды қарап, Жарқайың аудандық маслихатқа депутаттарды сайлау жөніндегі № 8 округтік сайлау комиссиясы шешті:
Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып № 8 бірмандаттық сайлау округі бойынша, 1992 жылы туған, Жарқайың ауданы Державин қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну ретімен ұсынылған, «Білім бөлімі» ММ әдіскері Қазқанов Аманат Жақсылықұлы тіркелсін.
Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №8 округтік сайлау комиссиясы
2023 жылғы 16 ақпан