ХАБАРЛАМА 2023 жылғы 12 ақпанда Жарқайың ауданының Үшқарасу ауылының әкімін Үшқарасу сайлау округі бойынша сайлау өтті

 

ХАБАРЛАМА

 

         2023 жылғы 12 ақпанда Жарқайың ауданының Үшқарасу ауылының әкімін Үшқарасу сайлау округі бойынша сайлау өтті.

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының  2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Үшқарасу ауылы әкімі сайлауының қорытындылары туралы №505 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:

 

 

Үшқарасу сайлау округі

Үшқарасу ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 188 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 155. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 5.     

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

         А.К.Арыстанбековке – 136; Б.М.Есентаевқа – 10; Ж.Т.Мыңбаевқа– 4.

         Үшқарасу ауылының әкімі болып Арыстанбеков Асылбек Киікбайұлы, 1997 жылы туған, Үшқарасу ауылының тұрғыны, Жарқайың ауданының «Үшқарасу ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы сайланды, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

                  

         Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
13 февраля 2023