«Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегінкөрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 С-64/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

«Жарқайың ауданында тұрғын үй

көмегінкөрсету мөлшерін және тәртібін

айқындау туралы»Жарқайың аудандық

мәслихатының 2020 жылғы

11 желтоқсандағы № 6 С-64/2

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-64/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8278 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қосымшаның 4 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«4. Шекті жол берілетін шығыстардың үлесі:

кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.».

  1. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жарқайың ауданының әкімдігі

 

Дата публикации
23 января 2023