«ARES PROJECT» ЖШС
«қатты пайдалы қазбалар ресурстарын бағалау мақсатында тау жыныстарын алу және топырақты жылжыту арқылы қатты пайдалы қазбаларды барлау»
белгіленген қызмет туралы өтініш бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі
Хаттаманың жасалған күні: 16.01.2023ж.
Хаттаманың жасалған орны: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкина.к.23, ҚР ЭГТРМ ЭРБК Ақмола облысы бойынша экология Департаменті
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: ҚР ЭГТРМ ЭРБК Ақмола облысы бойынша экология Департаменті
Мүдделі мемлекеттік органдардың/ қоғамның ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күні: 12.12.2022 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың/ қоғамның ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 12.12.2022ж. -12.01.2023 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың/қоғамның ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау
|
№ |
Мүдделі мемлекеттік органдар/қоғам |
Ескертулер мен ұсыныстар |
Ескерту немесе ұсыныс қалай ескерілгені туралы мәліметтер, немесе ескерту немесе ұсыныс ескерілмеген себептер |
|
1. 1 |
Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» ММ» |
- |
|
|
2. 1 |
«Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ |
«Жұмыс жүргізу учаскесі Ақмола облысы, Жарқайың ауданында орналасқан. Есіл аудан орталығынан оңтүстікке қарай 59 км, Шолақ сандық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км, ауылдық жолдың 16 км.Жоспарланған қызметті іске асырудың басталу мерзімі - 2022 жыл (жобалау жұмыстары). Жоспарланған қызметтің аяқталу мерзімі-2027 жыл. Объектіні кезең – кезеңімен постулизациялау (жою, рекультивациялау) - 2023-2026 жж.Фондық шоғырлануды стационарлық бақылау пункті бар ең жақын елді мекен Атбасар қаласы болып табылады. Атбасар қаласының аумағындағы атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 1 автоматты бақылау бекетінде жүргізіледі. Жалпы қала бойынша 4 көрсеткіш анықталады: 1) көміртегі оксиді; 2) күкірт диоксиді; 3) азот диоксиді; 4) азот оксиді. Ластаушы заттардың орташа және максималды бір реттік концентрациясы ШРК-дан аспады.Геологиялық барлау жұмыстарын 2023-2026 жж.4 далалық маусымда жүргізу жоспарлануда (маусымның ең ұзақ ұзақтығы – 6 ай, мамырдан қарашаға дейін). 2022 жылы шығарындылар жоқ, өйткені жобалау жұмыстары мен барлау маршруттары жүргізілетін болады. Атмосфералық ауаға әсер ету сипаттамасы: жобада мынадай негізгі жұмыс түрлері көзделген • * бұрғылау жұмыстары • * ПРС алу; • арықтарды, шурфтарды үңгілеу; • рекультивациялау жұмыстары; • ПГС қоймасы; * ДЭС жұмысы.Жұмыстар аяқталғаннан кейін қоршаған орта 2023-2026 жылдар мерзімінде жою – рекультивациялау жұмыстарын жүргізу арқылы қалпына келтірілетін болады..Бұрғылау жұмыстары тәулік бойы, қалған дала жұмыстары күндізгі уақытта; демалыс күндерінсіз, вахталық әдіспен орындалатын болады.Мобильді асфальт араластырғыш қондырғының бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары бойынша 1) 51 33 00; 66 38 00; 2) 51 33 00; 66 41 00; 3) 51 30 00; 66 41 00; 4) 51 30 00; 66 40 00; 5) 51 31 00; 66 40 00; 6) 51 31 00; 66 39 00; 7) 51 32 00; 66 39 00; 8) 51 32 00; 66 38 00 сібір жарасы бойынша стационарлық қолайсыз елді мекендердің тіркелмегені анықталды.» |
|
|
3. 2 |
«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
- |
|
|
4. 3 |
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ |
- |
|
|
5. 4 |
«Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ |
|
|
|
6. 5 |
«Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» РММ |
«...Жер қойнауы учаскесінің берілген координаттарына сәйкес: 1) 51 33 00 66 38 00; 2) 51 33 00 66 41 00; 3) 51 30 00 66 41 00; 4) 51 30 00 66 40 00; 5) 51 31 00 66 40 00; 6) 51 3100 66 39 00; 7) 51 32 00 66 39 00; 8) 51 32 00 66 38 00; Жер учаскесінің № 8 Ең жақын бұрыштық нүктесі (координаттары 51 32 00, 66 38 00) су объектісінен шамамен 150 метр қашықтықта орналасқан.атауы жоқ көл. Берілген учаске су объектісі – көлдің атаусыз әлеуетті су қорғау аймағына кіреді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 2 – тарауының тармағына сәйкес су қоймалары мен көлдер үшін су қорғау аймағының ең аз ені екі шаршы километрге дейінгі су айдыны кезінде – 300 метр және екі шаршы километрден астам су айдыны кезінде-500 метр болып қабылданады. Ақмола облысы, Жарқайың ауданындағы Масалское учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған барлау жоспары келісу су қорғау аймағы мен белдеуінің шекаралары айқындалғаннан кейін қаралатын болады. Жергілікті атқарушы органдар су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобаларына тапсырыс берушілер болып табылады, ал жекелеген су объектілері (немесе олардың учаскелері) бойынша нақты объект бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қажеттілігіне мүдделі жеке және заңды тұлғалар да болады.» |
|
|
7. 6 |
«Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті» РММ |
- |
|
|
8. |
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ |
- |
|
|
9. 7 |
«Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ |
«Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 4-қосымшасына сәйкес антропогендік әсер ету аумағындағы флора мен фаунаға теріс әсерді азайту жөніндегі іс-шараларды көздеу қажет. «ARES PROJECT» ЖШС атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту бойынша инженерлік-техникалық құралдарды көздеуі, сондай-ақ әсер ету аумағында шаңды басу жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуі қажет» |
|
|
10. 8 |
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша экология департаменті» РММ |
1.Жоспарланған қызмет туралы өтініште техникалық қажеттіліктерге су сатып алу көзі туралы ақпарат жоқ. Осыған байланысты, су ресурстарына теріс әсерді азайту үшін Кодекстің 219, 220-баптарына сәйкес техникалық қажеттіліктер үшін су сатып алу көзі туралы ақпаратты ұсыну. 2.Жұмыс учаскесіне қатысты ең жақын тұрғын аймаққа дейінгі қашықтықты көрсету 3. Жұмыс жүргізу кезінде жер ресурстарына теріс әсер етуді болдырмау мақсатында Кодекстің 238-бабының талаптарын сақтау қажет. 4. Жұмыстарды жүргізу кезінде ҚР Экологиялық Кодексінің 397-бабының талаптары ескерілсін. 5. Кодекске 4-қосымшаға сәйкес екпелердің санын (дана) және көгалдандыру алаңын (га) көрсете отырып, жасыл екпелерді отырғызу жөніндегі іс-шара көзделсін. 6. Кодекстің 321-бабына сәйкес қалдықтарды сақтау және беру мерзімін міндетті түрде көрсете отырып, бөлек жинауды көздеу қажет. 7. Кодекске 4-қосымшаның 1-тармағына сәйкес шаңды басу бойынша жұмыстарды жүргізу көзделсін. 8.Кодекстің 4-қосымшасына сәйкес атмосфералық ауаны қорғау, жерді қорғау, қалдықтармен жұмыс істеу бөлігінде табиғат қорғау іс-шаралары көзделсін. 9. Жұмыстарды жүргізу кезінде ең жақын елді мекенге қатысты желдің раушанын ескеру қажет. |
|
|
11. 9 |
Қоғам |
- |
|