Жоба
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Шойындыкөл ауылының
көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шойындыкөл ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІ:
Больничная көшесін Мәншүк Мәметова көшесіне;
Квартальная көшесін Мұхтар Әуезов көшесіне;
Озерная көшесін Ғабит Мүсірепов көшесіне;
Молодежная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
Почтовая көшесін Жамбыл көшесіне;
Школьная көшесін Ілияс Есенберлин көшесіне.
Шойындыкөл ауылының әкімі Н. Бердығали