Тасөткел ауылының әкімі С. Саухимованың «Тасөткел ауылының 2022 жылғы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттер туралы» есебі

Тасөткел ауылының әкімі С. Саухимованың «Тасөткел ауылының 2022 жылғы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттер туралы» есебі

 

    

             2023 жылдың 01 қаңтарына  халық саны 346 адамды құрады  өткен жылмен салыстырғанда 19 адамға көбейді, оның 171 экономикалық белсенді, 156 жұмыспен қамтылғандар, 8 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 32-зейнеткерлер, 7- мүгедектер , 8-көп балалы отбасылар. Жеке кәсіпкерлер саны -3,серіктестік -1, ауыл қожалығы -5. Ауылдағы әлеуметтік нысандардың ішінде 100 орындық мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінде 55 бала оқиды бар. Мұғалімдер саны 16 адам. «Бөбек» бөбекжайында 15  бала бар, 10 адам жұмыспен қамтылған, мәдени-демалыс орталығы – 6 адам, кітапхана – 1, МП – 2 ,.

      2022 жылы ауылға он отбасы көшіп келді, барлығы баспана және жұмыспен қамтамасыз етілді. Соңғы бір жылда екі сәби дүниеге келді.  Қызмет көрсету саласында пошта бөлімшесі, 3 дүкен, 180 орындық дәмхана, шағын наубайхана жұмыс істейді.

         Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізу үшін спорт және ойын алаңы, хоккей корты, шаңғы базасы, спорттық залы, коворкинг орталығы бар.

  Тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың 99% үйлеріне су қосылған. Су құбыры «Коммунсервис» ПВХ бойынша МКҚК есебінен ұсталады, 1 адам  қызмет көрсетеді.

        Ауылдағы ірі қара мал басы 01.01.2023 жылға -298 бас, ұсақ мал – 1144бас, жылқы – 184 бас, түе -9 бас, құс – 2130 бас.

       Жұмыспен қамту орталығы арқылы халықты нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2022 жылы 3 адам қоғамдық жұмыстарға қабылданды, 2 адам кәсіпкерлікті дамытуға шағын несие алды.

     .Өткен жылы бері  Тасөткел -Державинск грейдер жолында жөндеу жұмыстары басталып, 6 км жөндеуден өтті.

    Тұрғындардың негізгі бөлігі «Темірлан» серіктестігінде маусымдық жұмыстар мен мал шаруашылығында жұмыспен қамтылған.

 Ауылға әлеуметтік көмекті жергілікті шаруашылық субъектісі «Темірлан» ЖШС жүргізіп отыр.Соңғы жылы «Темірлан» серіктестігі 4 жаңа үй салып екі үйдің кұрделі жұмыстарын жүргізді. Жылу қазандығы серіктестік балансына берілді, оған қызмет көрсетеді. 31жеке тұрғын үй  және ауылдың әлеуметтік саласы орталықтары  жылу жүйесіне қосылған. Ауылдық саябақ аумағында серіктестік  қаражатына 300 түп көшет сатып алынды. Ауылдың жеке кәсіпкерлері мен ұйымдары тарапынан жан-жақты көмек көрсетіліп, 9 мамыр күні тыл еңбеккерлеріне азық-түлік пакеттері, қарттар күніне орай мерейтойларға арнап қарттарға сыйлықтар табыс етілді.Жаңа жыл мерекесіне Темірлан серіктестігі демеушілік көрсетті.Мектеп және бақша балаларына сыйлық ретінде және шырша мерекелерінеде сыйлықтар бөлді.

    Бір айлық абаттандыру бойынша сенбіліктер мен «Таза бейсенбіліктер» ұйымдастырылып, ауыл аумағын тазарту  жұмыстары жүргізілді. Ауыл әкімдігі электрондық портал  арқылы 70 мемлекеттік қызмет көрсетті.

       Өткен жылы  көшеге 3 шам орнатылды - Мырзаш Бимұқанов және Ғабдуллин  көшесіне  Алдымызға қойылған мақсаттардың ішінде тағы 5 шам орнату,бейнебақылау – 3 камераны орнату, әкімдік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу міндеттері қойылды.

 2022 жылы салық түсімдері 1 млн. 12  мың теңгені құрады. Жергілікті қоғамдастықтың шешімі бойынша бұл қаражат келесі мақсаттарға жұмсалды:

712 000 мың теңге – көше жарықтарына төлеу

300 000 мың теңге – ауыл көшелерін қардан тазарту

    Ауылымыз жылдан-жылға өсіп, көркейіп келеді. Жергілікті шаруашылық субъектісі тарапынан жылдан жылға жаңа нысандар пайдалануға беріліп келеді. Бұл үлкен инвестиция екені даусыз.Соны әрбір азамат бағалап, ауылдың, жалпы еліміздің дамуына өз үлесін қосады деп сенемін.                          

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 января 2023