Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 4 қаңтардағы  № 58/303 ҚАУЛЫСЫ

Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2023 жылғы 4 қаңтардағы  № 58/303

ҚАУЛЫСЫ

 

Жарқайың ауданының Үшқарасу ауылының әкімін

сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жарқайың ауданының Үшқарасу ауылының әкімін сайлау бойынша Үшқарасу ауылы аумағының шекарасында Үшқарасу сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, Жарқайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Жарқайың тынысы», «Целинное знамя» газеттерінде жариялансын.

 

 

 

 

Жарқайың ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

төрайымы                                                                           Ж.Рамазанова

 

 

Жарқайың ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                              Э.Абитаева

 

 

 

Дата публикации
04 января 2023