Тасөткел ауылының әкімі С.Т.Саухимованың 2022 жылдың 3 тоқсанында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі

Тасөткел ауылының әкімі С.Т.Саухимованың 2022 жылдың 3 тоқсанында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі

 

            «Біздің экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты өзгеріссіз қалады – азаматтарымыздың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуі», - деп атап өтті Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының сұранысына бағытталған ұлттық жобаны жүзеге асыруды қолға алуды ұйғарды. Сондықтан бұл мәселелерді бәріміз бірге шешуіміз керек.

      Ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижесі бойынша келесілер шықты.

         2022 жылы  20623 га ауданнан егін жиналды. Орташа 12 ц/га

5,8 гектар алқаптан картоп жинадық. 3 гектардан -орамжапырақ 1 гектардан, сәбіз 0,5 гектардан- қызылша.

Бруцеллезді анықтау үшін үй жануарларынан күзгі қан алу жүргізілді. Тауық грипынан құстар егілді.           Ауыл халқының саны көбейді. «Темірлан» ЖШС тарапынан тағы 10 отбасы қоныстандырылды.Олар жұмыспен қамтылды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 1 200 000 теңге грант алуға екі көп балалы отбасы өтініш білдірді. Экономикалық белсенді халық саны 193 адамды құрады.       2022 жылғы 1 қазанының жағдайы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған азаматтардың саны – 1 отбасы        Ауыл тұрғындары Мырзаш Бимұқанов көшесінің бойымен орталықтандырылған жылумен қамтылған – Тәуелсіздік көшесінің бойында тағы 6 үйге желі тартылуда.Ауылда жалпы саны 55 оқушы оқитын бастауыш мектеп бар, ұжым екі жас маманмен – ағылшын тілі және тарих пәнінің мұғалімдерімен толықты.            Суықтың алдын алу мақсатында 30 адам тұмауға қарсы 30 егілді, ковид инфекциясы тіркелмеген, мектеп оқушылары – бірінші сынып оқушылары – 7 бала арасында да екпе науқаны жүргізілді, аудан бригадасы шықты. Жылжымалы флюорографиядан 35 адам өттіҚарттар күніне орай ауылшаруашылық құрылымдарының демеушілігімен жергілікті дәмханада мерекелік шара өтті. Ағымды жылдың 11қазан күні аудандық  «Ақмола жұлдыздары» байқауына іріктеу сыны өтті.         Ауылда ұлттық спорт түрлері де қарқынды дамып келеді. 22 қазан күні жоспарланған Ағымдағы жылыдың 01 қараша айының кезеңіне абаттандырылған төрт үй пайдалануға беріліп, КДЦ ғимаратының жертөле қасбетін жөндеу жұмыстары басталды.        Тәуелсіздік көшесінің бойында 500 м қоршау ауыстырылып сырланды.Сонымен қатар 6 үйге қоршау орнатылып сырланды. 4 арка сырладық, әкімдік ғимаратын әктедік, 100 түп ағаш отырғыздық.Келесі жылға арналған міндеттер Қосымша бес көшені жарықтандыру шамдарын орнату, әкімдік ғимаратын жөндеу.

Дата публикации
19 октября 2022