Пятигор ауылы әкімінің 2022 жылдың 3 тоқсанында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі

 

Пятигор ауылы әкімінің 2022 жылдың 3 тоқсанында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі

 

         Пятигор ауылының халық саны - 479  адамды  құрайды. Ауылда 162  отбасы тұрады. Ауыл  тұрғындарының  этникалық құрамы - 22 ұлт: оның ішінде  қазақтар - 89 адам (19%), орыстар – 184 адам (38%), басқа ұлттар – 206 адам (43%).

       Ауылда  84  зейнеткер тұрады, оның ішінде - 2 тыл еңбеккері,                            медальдармен марапатталған 2 көпбалалы ана. Мүгедектер саны  - 11 адам, көпбалалы отбасылар саны – 3.             

       Ауылдың аграрлық секторы «Мадияр.К» ЖШС базасы  бар, онда егіс алаңы - 11972 гектарды  құрайды. Жұмысшылар саны - 50 адам. Орташа айлық жалақы 150 мың теңгені құрайды. Акционерлер азықпен қамтамасыз етіп, көмір түсірді.

      Шаруа қожалықтарының саны - 39. Егіс алаңы - 15,7 мың гектарды  құрайды.

      2022 жылғы 1 шілдесіне с татистикалық  есепке алу  деректері бойынша  мал басының саны:  ІҚМ  (Ірі қара мал)  – 222 бас, оның ішінде сиыр – 88 бас, жылқы – 569 бас, ұсақ мал-794 бас, шошқа-173 бас.     

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, жоспарлы ветеринариялық - профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

      Шағын және орта бизнес саласында 6 - шағын  кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді, онда 9 адам жұмыс жасайды.        

      Ауыл аумағында «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Пятигор  ауылының жалпы білім беретін мектебі»  КММ  (коммуналдық мемлекеттік мекемесі)  жұмыс істейді, мектеп жанында 20 орындық  «Айналайын»  шағын орталығы, ауылдық мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория,  Коворкинг-орталығында ашылған ауылдық кітапхана  жұмыс істейді.

       Спортты дамыту үшін ауылда мәдениет үйінің ғимаратында спорт залы бар.

      Ұзындығы 4,5 км орталықтандырылған су құбыры жұмыс істейді. 

      Ауылда  балалардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған  балалар ойын алаңы бар.

      Ауылда 157  телефон нөмірі жұмыс істейді, ұялы байланыс жұмыс істейді

      «Мадияр.К» ЖШС ғимаратында пошта байланыс бөлімшесі және учаскелік полиция пункті, сондай-ақ Пятигор  ауылы әкімінің аппараты орналасқан.  Мекеме  6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.  «e.gov» порталы арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету пункті бар.

     Келесі жұмыстар атқарылды.

  1. Ауылды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
  2. Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мектептің жанында «Абайлаңыз, балалар» жол белгісі орнатылып, «Жаяу жүргіншілер өткелі» белгісі қойылды.
  3. Пятигор жалпы білім беретін мектебінің шатырын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
  4. Ауылдық мәдениет үйінде Жарқайың музыка мектебінің домбыра сыныбы бойынша филиалы ашылды.
  5. Конституция күніне, Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 октября 2022