Нахимов ауылдық округі әкімінің 2022 жылдың 3 тоқсанында ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі

Нахимов ауылдық округі әкімінің 2022 жылдың 3 тоқсанында ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі.

 

Құрметті жерлестер!

 

         Есеп беру жағдайына тұрғындар саны 264 адамды құрайды, аула саны-75; соның ішінде зейнеткерлер-41, батыр аналар- 8, мүгедек балалар-3, 2 топ мүгедектері-3, 3 топ мүгедектері-12.

-      Ауылдық округте әлеуметтік мәдени ошақтары жұмыс жасайды. Нахимов негізгі мектебі, ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегіне 41 оқушы оқиды. Аудандық білім бөлімі қорынан  жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кіші топ «Шаттық» балалардың аздығынан әзірше  тоқтап тұр.

-        Пошта байланыс бөлімі Нахимовка ауылында  үйден жұмыс жасайды. «Казпочта»  акционерлік қоғамымен  зейнетақы төлемдері, бұқаралық ақпараттар  жеткізіліп тұрады.

  •      Нахимов ауылдық кітапханасының  кітап қоры 5973 дананы құрайды.Оның ішінде мемлекетттік тілде- 2582 дана. Қор аудандық кітапхана есебінен көрсетіледі.

         Нахимовка селосында 1 дәрігерлік амбулатория. Уақытша бекітілген  аудандық емхана  дәрігері Медетбаева Ж.П., медбике Байсейтова А.

         Ауылдық округ территориясында  2 сауда нүктесі бар, тұрғындарды азық түлікпен, бірінші қажетті тауарлармен қамтамасыз етеді.

-        Телефон байланысын «Казтелеком» акционерлік қоғамы көрсетеді, барлығы 23 нөмір қосылған,  ұялы телефон байланысын «Билайн» , «Актив»компаниясы ұсынады.

         Ауылшаруашылық малдарының идентификациясы, ветеринариялық іс шаралар жүргізіліп тұрады.

         Ауылдық округ әкімдігі Көкшетау қаласында өткізілген жәрмеңкеге қатысып ірі қара мал етін сатты, өнімді «Жусупбеков» ЖК  ұсынды. «Мектепке жол » бағдарламасын өткізу барысында мектеп формасы, канцеляр тауарлары сатып алынды. Қарттар күніне екі ауылда 415 мың теңге сомасында іс шаралар өткізіліп, мектеп оқушыларының көмегімен концерттік бағдарлама көрсетілді, қайырымдылық астары берілді. Сыйлықтар , ақшалай сыйлықтар 7-мерейтой иелеріне, мүгедектігі бар 18 тұлғаға, оның ішінде 3-і балалар, Қарттар үйіндегі 3 адамға және 51 зейнеткерге көрсетілді.  

Жаз, күз айлары ішінде ауылды абаттандыру және санитарлық тазалау  жұмыстары жүргзілді. Барлық  сенбіліктер-3, қатысқан адам саны-67, таза бейсенбіліктер -5, қатысқан адам саны -28.

 Арам шөптер мен қоқыс қалдықтарын жинау облыстық маңызы бар жол бойында,өзен маңайында сенбіліктер тұрақты түрде өткізілді.  7 қазан күні   «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» халықаралық акция аясында Есіл өзенінің бойында, мектеп аумағында сенбілік өткізілді. Ауыл тұрғындары мен оқушыларға алғысымызды айтамыз.

Ауыл тұрғындарының бастамасымен мұсылман бейіті жанында  үй-жай салынып жатыр, оны тұрғызуға өздері белсене ат салысуда.

Осы сәтті пайдалана отырып, ауыл тұрғындары атынан, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі мәселелерін шешуге көмектесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіп жүрген ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларына аудан тұрғындарының атынан алғыс айтамын: «Лотос-БЛиК» ЖШС басшысы Бисарина Л.Ф., «Осана-Агро» ЖШС басшысы Пугачев А.Н., «Арман» ПК Кропотов С.Н., «Апыры» ЖШС Әубәкіров Б.Ш., «Нұрай-Н» астық компаниясының бас директоры. Тілеубаев Б.Н., «Тұқым Агро» ЖШС директоры Пугачев И.Н., «Әшім» шаруа қожалығының басшысы Люлькович В.Е., «Мария» ш/қ басшысы Кривошеев С. «Бабас» ШҚ басшысы Сыздықова Р., ш/қ«Мерей» Бекжанов Т. «Өтемісов» ЖК, «Құрманова» ЖК т.б.            Тұрғындардың өмір сапасын арттыру үшін атқарылатын жұмыстар көп: ауылды абаттандыру, қоқыс қалдықтары мен иесіз бос ғимараттарды шығару жұмыстарын жандандыру және т.б.

         Алға қойылған міндеттерді ойдағыдай орындау үшін әрқайсымыз күш-жігерімізді салу қажет, тек осы жолда ғана біз алға қойған мақсатқа жетеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

Дата публикации
19 октября 2022