Костычев ауылдық округі әкімінің 2022 жылдың 3 тоқсанында ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі
Аудандық жергілікті атқарушы органдарының барлық жұмысы мемлекет басшысы айқындаған және республикамыздың экономикасын дамытуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерді орындауға, мәселелерді шешуге бағытталған.
Костычево ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады - ол Костычево, Донское және Маяк ауылдары. Халық саны 536 адамды құрайды, оның ішінде 416 адам Костычево ауылында, 118 адам Донское ауылында, Маяк - 2 адам. Ауылдық округ бойынша жалпы халық санының 276-і жұмыспен қамтылса, 73-і зейнеткерлер, 56-ы мектеп жасына дейінгі балалар, 94-і мектеп жасындағы балалар, 2-і тыл еңбеккері, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - 4, көп балалы отбасы – 12, I, II, III топтағы мүгедектер – 11 адам.
Ауыл шаруашылығы – өсімдік және мал шаруашылығы.
Округтің халқы негізінде ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, оның құрамында 11 ЖШС, 1 ПТ және 78 шаруа қожалықтары бар. Бөлшек сауда және жолаушылар тасымалымен айналысатын 5 жеке кәсіпкер тіркелген. Сондай-ақ, тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығынан да табысы бар.
«Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуында белгілі жұмыстар атқарылуда.
Ауылдық округтің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында күз айлығында іргелес аумақтарды ретке келтіру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік мекемелермен бірлесе тұрақты түрде 4 «Таза бейсенбілік» және 3 сенбіліктер өткізілді. «Табиғатта қоқыс жоқ» жалпыұлттық акциясы бойынша тағы 3 сенбілік жоспарланған.
«Нива-5» шаруа қожалығының күшімен Костычево ауылындағы мектеп аумағынан 50 тоннаға жуық күл-қож және «Донское-Агро» ЖШС Донское ауылындағы кеңсенің аумағынан 10 тонна күл мен шлак шығарылды.
Көшелерді, саябақты және алдыңғы бақшаларды қоқыс пен қураған ағаштардан жүйелі түрде тазартатын 2 қоғамдық қызметкер қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Костычево ауылында жеке сектордың малын бағу ұйымдастырылды.
Мектептің ұжымы мен оқушыларының, сондай-ақ барлық мекеме-ұйымдар қызметкерлерінің күшімен Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Сондай-ақ, қарттар күнінде округтің ауылшаруашылық тауар өндірушілері жалпы сомасы 1 190 000 теңгеге ақшалай, жем-шөп пен көмірмен демеушілік көмек көрсетті.
Ауылшаруашылық құрылымдары егін жинау науқанын, күзгі егіс жұмыстарын ойдағыдай әрі дер кезінде жүргізді. Қазір шаруа қожалықтары жер жыртуда.
Ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған жұмыстар:
Ағымдағы кезеңде 4 тұрғындар жиыны өткізіліп, ауылдық округ әкімінің 54 нормативтік құқықтық актілері шығарылды, 26 нотариаттық іс-әрекеттер жасалды, 59 анықтама берілді, занды тұлғадан 1 өтініш, жеке тұлғадан 1 өтініш түсті, 7 өтініш ауылдық округі әкімінің жеке қабылдауында қаралды. Барлық түскен өтініштер бойынша оң шешімдер қабылданды. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің өзекті мәселелері бойынша 8 жиналысы өткізілді.
Учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Серікұлы Қалмағамбетов Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындалған күннен бастап құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Костычево, Донское, Маяк, Үшқарасу ауылдары № 5 әкімшілік бөлімшеде, сомен қатар, Пятигорское, Отрадное, Кенское, Тасоткель ауылдарында қызмет етеді.