Далабай ауылының әкімі С.Қ. Сұлтановтың 2022 жылдың 3 тоқсанында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі

Далабай ауылының әкімі С.Қ. Сұлтановтың 2022 жылдың 3 тоқсанында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі

 

Құрметті жерлестер!

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: Еліміздің даму жолындағы жаңа сапалы кезеңіне шығудың басты міндеттері айқындалды. Осы орайда қоғам өмірін жақсартуға бағытталған ауқымды жобалар мен бастамалар қолға алынатынын мәлімдеді. Әрине олар әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық, еңбек нарығы, мәдениет пен тарих, тіл мүддесі

Ауыл тұрғындары 100% вакцинациядан өтті. Соған қарамастан ауылымыз үшін, өңіріміз үшін табысты жыл деуге болады. Жыл бойы ауылда атқарған жұмыстар азаматтардың мүддесі үшін атқарылып келеді.

Далабай ауылы бойынша халық саны – 260, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы экономикалық белсенді халық – 131.

         Далабай ауылы бойынша бүгінгі таңда - 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ,11 - шаруа қожалықтары өз жұмыстарын жалғастыруда. Далабай ауылының ауыл  шаруашылығына арналған тек қана шаруа қожалықтарында - 11793,5 га жер телімі бар, жыртылатын жер (егістік) – 8925,5 га, жайылым жерлер - 1186 га, шабындық - 1682 га.   Өңделген жерлер көбіне шаруа қожалықтарының еншісіне тиесілі. Биылғы жылы шаруа қожалықтары ойдағыдай егіндерін уақытында сеуіп аяқтады.

Дәстүрлі базалық салалардың, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына серпін беру ауылдағы ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне үнемі жақсы өнім алуға мүмкіндік береді. Шаруа қожалықтары ауылда өтілетін іс-шараларға демеушілік көрсетеді.

Далабай ауылы бойынша 73 үй иелері бар, оның ішінде 55 үй иесі жеке мал ұстайды. 2022 жылдың 1 шілдесіне қара мал саны – 465, жылқы – 177 бас, ұсақ мал – 1094 бас.

        Ауылымыздағы «Далабай негізгі мектебінде» оқушы саны – 48. Биыл мектеп ғимараты ағымды жөндеуден өтті. Мектеп қабырғасынан ашылған "Болашақ"  шағын орталық бала-бақшасы бар, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде.

        Ауыл кітапханасы ауыл әкімі аппаратының ғимаратында бір бөлмесінде орналасқан, кітап қоры 13780 дана және ауылда медициналық пункт жұмыс істеуде штаттық саны -2. Былтыр ауылдағы шаруа қожалықтарының көмегімен ауылдың медпунктіне орташа құрылыс жөндеу жүргізілді, қыста жылы болды.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қол жетімділігі мен хабардарлығын қамтамасыз ету үшін ауыл әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендтер ұйымдастырылды және электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталды. Әкім аппаратының маманы ЭСҚ алу бойынша қызмет көрсетеді. Электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы тұрғын үй көмегі, тұрғылықты жерін тіркеу, тууына және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыны тіркеу сияқты мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Ауылдық округтегі жұмыссыздарды жұмысқа тарту мақсатында, бос жұмыс орындарын тиімді пайдалану және атаулы әлеуметтік көмек алушыларды бірінші кезекте жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде жұмыстар алдағы уақытта атқарылады деп сенемін.

Ауыл бойынша елді мекендерді санитарлық тазарту абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары наурыз айынан бастап аппарат қызметкерлері мен әлеуметтік сала жұмыскерлерінің көмегімен ауыл ішіндегі көшелер және ауылдың тұсынан өтетін тас жолда тұрған аялдама күл-қоқыстан тазаланды.. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын учаскелік инспектормен бірігіп аралау барысында 73 үй иелеріне ескерту хаттамалары толтырылып таратылды. Санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бүгінгі таңда өз жалғасын табуда.

2022 жылдың наурыз айында  салық түсімдерінен түскен қаржыны шілде айына отырғызып, ауылға бес фонар орнатуға жоспарланған. Қаражаттың жоқтығынан бір-екі айға кейінге шегертілді. Ауылдағы ауыз су құбыры Коммунсервис жұмыскерлерімен шілде айында ағымдағы жөндеуден өтті.

Қазіргі уақытта Интернетке қосылу үшін қол жетімді порттар жеткіліксіз. Он шақты отбасы интернетке қосылуды күтуде.

Өздеріңіз білетіндей,  19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының  өсуі байқалады, бұл тауарларды сырттан әкелуге байланысты және маусымдық сипатта болады.

2022 жылға болашаққа арналған іс-қимыл бағдарлама:

  1. Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу арқылы шағын және орта бизнесті, мал шаруашылығын дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жұмыстары жалғасады.
  2. Ауыл аумағын абаттандыру, ағаштар мен бұталарды отырғызу.
  3. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған шараларды қабылдауға тұрғындарды белсендіру арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту.
  4. Қоғамдық қауіпсіздік пен әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Құрметті ауыл тұрғындары !

        Еліміздің, оның ішінде ауылымыздың бүгiнi де, болашағы да өз қолымызда. Мiндет те, мүдде де баршамызға ортақ. Олай болса, ауылдың жетiстiгi мен дамыту жолында қол ұшын беретіндеріңізге сенім білдіремін!

Қадірлі жерлестер:

Әрбір қол жеткізген жетістігіміз – Сіздердің зор еңбектеріңіздің жемісі.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Біз-рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз. Сондықтан, бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге ескереміз» деп атап көрсетті.

Ата бабамыздан мирас болған қастерлі жерімізді көздің қарашығындай сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету, әліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ету – бәріміздің асыл борышымыз. Егініміз мол, қамбамыз қазыналы, берекеміз арта берсін!

 

Дата публикации
19 октября 2022