Державин қаласының әкімі Талғат Оразұлы Бейсеновтің «Державин қаласы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесімен
атқарылып жатқан жұмыстары туралы
Е С Е Б І
Президенттің тапсырмаларын, оның ішінде 2021 жылғы 01 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау басым міндет болып табылады, Мемлекет басшысы қиындықтарды еңсеру бойынша нақты жоспар ұсынды, орындалуы еліміздің барлық азаматтарының әлеуметтік өмірін жақсартатын іс-қимыл жоспарын айқындады. Жолдау елді одан әрі жаңғыртудың, әрбір қазақстандық үшін іс-қимылдың бағдарына айналды. Ол үшін Мемлекет басшысы алдымызға қойып отырған міндеттерді шешуге ден қою керек.
2022 жылдың 3 тоқсанында жалпы сомасы 1 млн. 683 мың 500 теңгеге 50 адамнан тұратын 13 отбасына АӘК төленді.
Сондай-ақ 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға 37 Мемлекеттік әлеуметтік пакет, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға тұрмыстық химия және тамақ өнімдері түріндегі жалпы сомасы 290,8 мың теңгеге 13 жиынтық берілді.
Абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру мәселелері бойынша Державин қаласының аумағында келесі іс-шаралар өткізілді:
7 адамнан тұратын қоғамдық қызметкерлердің күшімен қала көшелерін жүйелі түрде жинау ұйымдастырылды, ҚТҚ полигонына 450 тоннаға жуық қоқыс пен күл қожы жиналып, шығарылды. Қала ұйымдары мен кәсіпорындарына бекітілген учаскелерге сәйкес апта сайын көшелер мен Орталық саябақты тазалау бойынша сенбіліктер өткізіледі.
Қала көшелерін, атап айтқанда Ғабдуллин және ДСУ-71 көшелерін асфальттау жұмыстары жүргізілді, Ғабдуллин (Майкөтов көшесінен Смағұлов көшесіне дейін) және Мир (Комсомольская көшесінен Ленин көшесіне дейін) көшелері бойынша жаяу жүргіншілер жолдары жабдықталды.
КЖЖ шұңқырлы жөндеу бойынша Ғабдуллин, Үкібаев, Комсомольская, Ленин көшелері бойынша жұмыстар жүргізілді.
Солнышко балабақшасы ауданында автокөліктердің қауіпсіз жүруіне арналған автомобиль тұрағы жабдықталды.
Қоғамдық қызметкерлер Ленин, Ниязбаев көшелеріндегі жиектер мен ағаштарды ақтау бойынша жұмыстар жүргізді.
Үкібаев, Пушкин, Комсомольская, Ленин, Ниязбаев көшелерінде нөсер суын тазарту жұмыстары жүргізілді.
Державин қаласы бойынша жол қозғалысы ережелерін сақтауды қамтамасыз ету үшін Ғабдуллин, Целинная, Захаров, Мир көшелерінде 7 жасанды кедергілер орнатылды.
Есіл өзенінің жайылмасын қоқыстан тазарту мақсатында «Табиғатта қоқыс жоқ» атты Республикалық акциясы өткізілді. Акцияға екі жүзден астам қала тұрғындары қатысты. Нәтижесінде 300-ден астам қап қоқыс жиналды.
Учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, тұрғындар арасында абаттандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның барысында 320 хабарлама беріліп, 38 ескерту түріндегі әкімшілік айыппұл салынды.
Мемлекеттік қызметші жұмысының негізгі қағидаты қала тұрғындарының (халық үніне құлақ асатын мемлекет) мәселелерін шешу болып табылады. 2022 жылдың есепті кезеңінде «Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ жеке тұлғалардың 18 өтініші қаралды, 35 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қала аумағында есеп беру кезінде тұрғындар қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты сұрақтарын көтеріп, оларға сол жерде түсіндірілді. Әрбір өтініш бақылауға алынып, содан кейін оларды шешу бойынша барлық мүмкін шаралар қабылданатын болады.