Жарқайың ауданы барлық деңгейдегі әкімдерінің 2022 жылдың сәуірінде өткізген есеп беру кездесулерінің барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Жарқайың ауданы барлық деңгейдегі әкімдерінің 2022 жылдың сәуірінде өткізген есеп беру кездесулерінің барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

(жеке адамдардың бөлек мәселелері)

 

№

Айтылған ескертулер мен ұысынтар

Ескертулерді/ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу мерзімі

Жауапты  

Ескерту  

Жарқайың ауданы

 

Н.Островский атындағы ОМ алдындағы Северный қиылысында жасанды төмпешік орнату бойынша

01.08.2023

Аудан әкімінің орынбасары, Державин қаласының әкімі

Нақты мәселені шешу үшін қаражат 2023 жылы жоспарланатын болады.

 

Жарықтандыру жүргізу бойынша (М.Ғабдуллин көшесінің басынан Смағұлов көшесіне дейін)

01.08.2023

Аудан әкімінің орынбасары, Державин қаласының әкімі

Осы жылдың сәуір айында 13521,3 мың теңгеге тендер жарияланды. Жеңімпаз «Redline Pro» ЖШС (Шымкент қ., директоры Мұсабай Е.Б.). Осы жылдың шілде айында жалпы сомасы 12 169,2 мың теңгеге шарт жасалды. Жұмысты аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін белгіленген.

 

Үшқарасу ауылының сору-фильтрлеу станциясының қоршауын жөндеу бойынша

01.10.2022

Аудан әкімінің орынбасары, Үшқарасу ауылының әкімі, «ТҮКШ, АЖ, ЖК және ТҮИ бөлімі» ММ басшысы

Үшқарасу ауылының сору-фильтрлеу станциясының қоршауын жөндеу ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен егінді жинау науқанының аяқталғанынан кейін жүргізілетін болады.

 

Үшқарасу ауылының ішіндегі жолдарды жөндеу

2023 жыл

Аудан әкімінің орынбасары, Үшқарасу ауылының әкімі, «ТҮКШ, АЖ, ЖК және ТҮИ бөлімі» ММ басшысы

2021 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Үшқарасу елді мекенінің жолдарын орташа жөндеуге бюджеттік өтінім жолданды. Алайда қаражаттың жоқтығынан өтініш қабылданбады. Өтінім 2023 жылы қайта жіберіледі.
 

Үшқарасу ауылындағы үй интернеті қызметінің қанағаттандырарлықсыз сапасы

01.07.2023

Аудан әкімінің орынбасары, Үшқарасу ауылының әкімі, «АО Қазақтелеком» СТУ басшысы (келісу бойынша)

Ақмола қол жеткізу желісін пайдалану департаментінің директоры Б.С. Есшановқа Үшқарасу кентіндегі үй интернетінің сапасын арттыру мақсатында қызметтік жазба жіберілді. Бұл жазба қарастырылуда.
 

Пятигор жалпы білім беретін мектебінің шатырын жөндеу бойынша

2022-2023

Аудан әкімінің орынбасары, Пятигор ауылының әкімі, Жарқайың ауданы бойынша «Білім бөлімі» ММ басшысы (келісу бойынша)

Пятигор орта мектебінің шатырын қайта құру бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды. Жеңімпаз болып «Туберия-1 Констракшн» ЖШС анықталды. Мердігер компания жұмысын ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде бастаған.
 

Донское ауылындағы медпунктағы медқызметкердің қысқартылуы бойынша

 2022 жылғы 3-тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары, Жарқайың аудандық ауруханасының бас дәрігері (келісу бойынша ).

Жарқайың ауданының медициналық пунктерінің қысқартылуына байланысты, Костычев ауылындағы Донское ауылының медициналық пункті жабылды. Тұрғындар Костычев а. медициналық пунктінің медициналық қызметкерлерінің қарауына берілді. 

 

Далабай ауылындағы интернет байланысының бұзылуы бойынша

2022-2023

Аудан әкімінің орынбасары, Костычев а/о әкімі, «АО Қазақтелеком» СТУ басшысы (келісу бойынша)

Костычево ауылдық округіне қарасты Донское ауылындағы интернеттің сапасын арттыру үшін Ақмола қаласының қолжетімділік желісін пайдалану басқармасы 2023 жылы жабдық сатып алуды жоспарлап отыр.
 

Жарқайың ауданы Құмсуатауылындағы тазарту жабдығының блоктік-модульдік кешенінің орнатылуы бойынша

2022-2023

Аудан әкімінің орынбасары, Құмсуат ауылының әкімі, «ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ басшысы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына Жарқайың ауданы Құмсуат ауылында блоктық-модульдік тазарту қондырғысын орнатуға бюджеттік өтінім жолданды. Орнату 2023 жылға жоспарланған.
 

Кен негізгі мектебінің шатырын жөндеу бойынша

2022-2023

Аудан әкімінің орынбасары, Отрадный ауылдық округінің әкімі, Жарқайың ауданы бойынша «Білім бөлімі» ММ басшысы (келісу бойынша)

Жарқайың ауданындағы Кен негізгі мектебінің шатырын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама Ақмола облысының білім басқармасына жолданды. Жоба облыстағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру және жөндеудің 2023 жылға арналған жоспарына енгізіледі.
 

Жарқайың ауданы Отрадный негізгі мектебінің күрделі жөнделуі бойынша

2022-2023

Аудан әкімінің орынбасары, Отрадный ауылдық округінің әкімі, Жарқайың ауданы бойынша «Білім бөлімі» ММ басшысы (келісу бойынша)

Отрадный негізгі мектебін күрделі жөндеу жобасы 2022-2023 жылдарға арналған. Бүгінгі күні «ГрадСтройСервис» ЖШС мердігер ұйымы жоспарланған жұмыстардың барлық көлемін аяқтады.
 

Державин-Далабай жолының жөнделуі бойынша

2023 жыл

Аудан әкімінің орынбасары, «ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ басшысы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мердігер «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС-ны әділетсіз деп тану туралы сотқа талап арыз жолдады. Сот рәсімдері аяқталғаннан кейін Державин-Жақсы жолының учаскесін (38,5 км) жөндеуге жаңа мердігер таңдалады.Осымен бірге ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінен бастап «Арқа-К» ЖШС жол ұйымы жол учаскесін профильдеу және ұсақтау жұмыстарын бастады.

13.   

Жарқайың ауданы Державин қаласының ішіндегі автобус маршрутын жаңарту бойынша

2022 жылғы қараша

Аудан әкімінің орынбасары, «ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ басшысы

Ағымдағы жылдың 30 тамызында №1 қалалық маршрутқа қызмет көрсетуге конкурс жарияланған болатын. 2022 жылдың 05 қыркүйегінде конкурс алдындағы конференция өтті, қалалық маршрутқа қызмет көрсету бойынша тендерлік құжаттаманы ешкім ұсынбады, қатысушылар келмеді. No1 қалалық бағытқа тасымалдаушыны іздеу жалғасуда.
 

Жарқайың ауданы Уәлиханов дәрігерлік амбулаториясына медициналық қызметкерді жолдау бойынша

2022 жылдың қыркүйегі

Аудан әкімінің орынбасары, Жарқайың аудандық ауруханасының бас дәрігері (келісу бойынша)

Орындалды. Уәлихан ауылдық округінің тұрғындарын бақылау және қызмет көрсету екі медицина қызметкерлері Қ.Ғ Тегісжановпен, Қ.С. Құдайбергеновамен жүзеге асырылады.

15.  

Жаңадала ауылдық округінің ауыл шаруашылығы малдарын бағу үшін жайылымның жетіспеушілігі бойынша

2022 жылдың 3-тоқсаны

Аудан әкімінің орынбасары, Жаңадала ауылдық округінің әкімі, «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы

Орындалды. Жаңадала ауылдық округінің жеке секторында ауыл шаруашылығы малдарын жаюға арналған жайылымдық жерлердің тапшылығы 1758 гектарды құрайды, сонымен қатар ауданда жайылымға пайдалануға болатын 2444 гектар аумақты құрайтын бос жерлер бар.

16.  

Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылынының интернетке қосылуы үшін қосымша порттардың бөлінуі бойынша

2023 жыл

Аудан әкімінің орынбасары, Шойындыкөл ауылының әкімі, «Қазақтелеком АҚ» СТУ басшысы (келісу бойынша).

Директору Акмолинского департамента эксплуатации сети доступа Есщанову Ақмола желісін пайдалану департаментінің директоры Есшанов Б.С. Интернетке кең жолақты қолжетімділік қызметтерін қосу үшін қосымша алымдар мен порттарды бөлу қажеттілігі туралы және Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылында интернет деректерін тарату және жылдамдықты арттыру үшін неғұрлым қуатты жабдықты бөлу туралы жадынама жіберілді.

17.  

Жарқайың ауданы Бірсуат ауылында жаңа мектептің құрылысы бойынша

2022-2023

Аудан әкімінің орынбасары, Бірсуат ауылының әкімі, Жарқайың ауданы бойынша «Білім бөлімі» ММ басшысы (келісу бойынша), Жарқайың ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы

Бірсуат ауылындағы жаңа мектеп құрылысына тапсырыс беруші Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы болып табылады. Бүгінгі күні Бірсуат ауылы аумағынан мектеп салу үшін жер телімін бөлуге өтініш жолданды. Сондай-ақ ағымдағы жылы ЖСҚ-мен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда. Қаржыландыру туралы шешім оң болса, мектеп құрылысы 2023 жылға жоспарланған.

 

 

Дата публикации
23 сентября 2022