Далабай сайлау округі Далабай ауылы әкімінің сайлауы бойынша ХАБАРЛАМА

 

ХАБАРЛАМА

 

            2022 жылғы 25 қыркүйекте Жарқайың ауданының Далабай ауылының әкімін Далабай сайлау округі бойынша сайлау өтті.

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының  2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Далабай ауылы әкімі сайлауының қорытындылары туралы №490 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:

 

 

Далабай сайлау округі

Далабай ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

            Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 194 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 113. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 8, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 1.         

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

            А.К.Арыстанбековке – 0; Жанат Х. – 30; Т.С.Старожиловаға – 0; А.А.Сүлейменовке – 29; С.К.Сұлтановқа– 45.

            Далабай ауылының әкімі болып Сұлтанов Серік Кәдешұлы, 1973 жылы туған, Державин қаласының тұрғыны, зейнеткер сайланды, өзін-өзі ұсыну ретімен ұсынылған.

 

                       

            Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
26 сентября 2022