Жарқайың ауданының Далабай ауылының әкімін сайлауды тағайындау туралы

 

 

 

 

 

 

 

     26.08.2022 ж.         52/273   

 

 

Жарқайың ауданының Далабай ауылының әкімін

сайлауды тағайындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) т, 113-1 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылдың 25 қыркүйегіне Жарқайың ауданының Далабай ауылының әкімін сайлау тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2022 жылдың 25 қыркүйегіне тағайындалған, Жарқайың ауданының Далабай ауылының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Жарқайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Жарқайың тынысы», «Целинное знамя» газеттерінде жариялансын.

 

 

Жарқайың ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

төрайымы                                                                           Ж.Рамазанова

 

 

Жарқайың ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                    Э.Абитаева

 

 

Дата публикации
26 августа 2022