Ақмола облысы Жарқайың ауданының 2022 жылдың 25 қыркүйегіне тағайындалған Далабай ауылының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Жарқайың аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2022 жылғы 26 тамыздағы

№ 52/273 қаулысына қосымша

 

 

Ақмола облысы Жарқайың ауданының 2022 жылдың 25 қыркүйегіне тағайындалған Далабай ауылының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

 

1. Жарқайың ауданының Далабай ауылының әкімін (бұдан әрі – әкімді) сайлауды тағайындау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

26 тамыз 2022 жыл

(113-1-б. 3-т.)

2. Сайлау округінің  тізімін, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-

2022 жылғы 5 қыркүйектен кешіктірмей

(22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 5 сәуірден кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2022 жылғы 10 қыркүйектен кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде-

2022 жылғы 10 қыркүйектен кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

 

        6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2022 жылғы 27 тамызда басталады және 2022 жылғы 9 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б.1-т.)

 

        7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

Аудандық сайлау комиссиясы

 

(4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап, жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Өзін өзі ұсыну ретімен ұсынылған азаматтардан тиіті сайлау комиссияларына қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2022 жылдың 1 тамызына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде әр ұсынылған кандидатқа (60 000 теңге) сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2022 жылдың 1 тамызына) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялардыұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелгенкүннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 4-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2022 жылғы 27 тамызда басталады және 2022 жылғы 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

 

 

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2022 жылғы 13 қыркүйекке дейін

 (28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2022 жылғы 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2022 жылғы 23 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

 

19. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Ауданәкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2022 жылғы 5 қыркүйекке дейін

 (24-б. 5-т.)

 

 

20.Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2022 жылғы 10 қыркүйектен бастап

 

(26-б. 1-т.)

 

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  жәнеорны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22.Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

Аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір

                                 күн бұрын

2022 жылғы 22 қыркүйектен ерте емес және 24 қыркүйектен кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2022 жылғы 25 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімсайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

 

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2022 жылғы 28 қыркүйектен кешіктірмей

(113-10-б.)

 

29.Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2022 жылғы 28 қыркүйектен кешіктірмей

(44-б.)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2022 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
26 августа 2022