Ақмола облысы Жарқайың ауданының
Далабай ауылының әкімін сайлау бойынша
сайлау учаскесінің шекаралары, орналасқан жері
және учаскелік сайлау комиссиясының құрамы туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына, 17-бабының 2-тармағына, «Жарқайың ауданының Далабай ауылының әкімін сайлауды тағайындау туралы» Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 тамыздағы №52/273 қаулысына, «Сайлау учаскелерін құру туралы» Жарқайың ауданы әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 3 шешіміне сәйкес Жарқайың ауданының сайлау учаскесінің шекараларын, орналасқан жерін және учаскелік сайлау комиссиясының құрамын хабарлаймыз.
№ 490 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Далабай ауылы, Оспанов көшесі, 2 үй.
Шекаралары: Далабай ауылы.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:
төрайымы – Тулебаева Сулушаш Саумбековна;
төрайым орынбасары – вакансия;
хатшы – Мурзабекова Кульзада Нухмановна;
комиссия мүшелері: Мурзабекова Ляйлім Оразалыновна, Карсакова Райхан Оразовна.
Жарқайың ауданының әкімі
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы