Шойындыкөл  ауылы  әкімінің  есебі

Шойындыкөл  ауылы  әкімінің

 есебі

 

               2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны - 243 адамды құрады, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы экономикалық белсенді халық – 128 адам, жұмыспен қамтылғандар (жұмыс істейтіндер) - 118 адам, жұмыс істемейтіндер - 10 адам, зейнеткерлер-19, мүмкіндігі шектеулі -                  4 адам (мүгедектер), 2- көп балалы анадлар, «Алтын алқа»  және «Күміс алқа»  алқаларымен марапатталған 1- көп балалы отбасы.  Ауылда 11-  ұлт өкілдері тұрады, оның ішінде байырғы  ұлт  өкілдері – 105 адам, орыстар – 85, басқа ұлт өкілдері – 53, оның ішінде ерлер - 134, әйелдер - 109 адам.

           Ауылда 66 - аула бар, оның 48-нің   қосалқы шаруашылығы бар.

Ауыл аумағында үш жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС)  және 24 - шаруа қожалығы өз қызметтерін жүзеге асыруда.  2022 жылы  бидай - 62 335 га, арпа -1400 га, сұлы -100 га, оның ішінде шаруа қожалықтары: бидай - 29 785 га,  арпа -390 г, сұлы 100 га егілді.  

 Ауыл бойынша  2022 жылдың 1 шілдесіне жалпы мал басы: ірі қар мал (ІҚМ) - 449 бас, ұсақ мал (ҰММ) -2287 бас, жылқы - 1288 бас, шошқа - 287 бас құрайды.

Халықты азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ететін 3 - жеке кәсіпкер тіркелген.

Ауылдағы әлеуметтік-мәдени нысандардан мектеп, медициналық пункт, пошта жұмыс істейді.

Шойындыкөл негізгі мектебінде 44-оқушы оқиды. Педагогикалық қызметті 14- мұғалім жүзеге асырады: оның ішінде педагог-сарапшылар -               2, педагог – модераторлар – 9, санатсыз-3.  2022-2023 жылдары жылу беру кезеңіне 233- тонна көмір әкелінді, бұл жылу беру кезеңіне қажеттілікті қамтамасыз етеді.

Ауылда медпункт жұмыс істейді.  Халықты коронавирусқа қарсы екі кезеңде вакцинациялау жүргізілді, кейіннен медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ 132 - адам мөлшерінде вакцинация паспорты берілді, бұл пайыздық қатынаста 100% - ды құрады. 2022 жылғы қаңтар айынан бастап ауылда  ревакцинация  бойынша белсенді іс-шара өткізілуде.  Маусым айында ауылға 89 – адам  флюорографиядан өтті.

  Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында қоғамдық жұмыстарға 1 - адам жіберілді. 

Халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жүргізілуде.  Ауылда шілде айында арнайы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалған 3 - адамнан тұратын бір аз қамтылған отбасы бар.

2022 жылға салық жинау бойынша жеткізілген жоспар (ЖТС, жеке тұлғалардан мүлік салығы, жер.салық, заңды тұлғаның көлік салығы)                         6 млн. 635 мың теңге, 1 жартыжылдықта орындалуы 3 млн.744,1 мың теңге, бұл 56,4 пайызды құрады.

2022 жылдың басынан 6 - өтініш келіп түсті және қаралды, оның 2-уі жеке қабылдауда қаралды.

2022 жылы «ЕGOV» бұрышы арқылы ауыл тұрғындары 29- қызмет, оның ішінде 2 тоқсанда 16- қызмет алды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері сақталады. Мамандарға қызмет көрсетудің уақытылы көрсетілмегені үшін халықтан шағымдар түскен жоқ.

Ауыл әкімдігімен 2022 жылы  ауыл көшелерін қайта атау бойынша жұмыс жүргізуде. Мамыр айында ауыл көшелерін қайта атау мәселесі бойынша тұрғындар жиыны өтті. Бұл бастаманы тұрғындар қолдады.  Қазіргі таңда аталған мәселені мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қосу үшін Жарқайың ауданының әкіміне хат жолданды.     

 

   Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы құралымдары басшыларының, жеке кәсіпкерлердің қатысуымен мерекелік іс-шараларды өткізу және абаттандыру мәселелері бойынша кеңестер өткізілді.

 

Ауыл әкімі аппаратының көмегімен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және тұрғындармен бірлесіп ауылды санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша іс - шаралар өткізілді. 6- сенбілік, 8 - таза бейсенбі өткізілді.  «Бірге таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізіліп, 600 кг қоқыс жиналды.  Христиан зиратының аумағын тазалау бойынша сенбілік өткізілді. Сондай-ақ, қоқыс, қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ), қираған ғимараттарды шығару бойынша сенбіліктер өткізіліп, оған ауылдың ауыл шаруашылығы құрылымдары қатысты.  650 тонна қоқыс шығарылды.

Сәуір айында жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨБ) қаражаты есебінен Школьная көшесінде жалпы сомасы 100 мың теңгеге 40- пирамида терегінің көшеттері сатып алынып, отырғызылды.Көшеттер ЖК «ТНК»-дан жеткізілді.

2022 жылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша мәселелерді шешу үшін әлі де көп жұмыс істеу керек, атап айтсақ:  ауылды абаттандыру, қоқыс шығару, көшелерді жарықтандыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.

 

Ауылдың проблемалық мәселелері: Интернеттің әлсіз жылдамдығы; Шойындыкөл – Жезқазған - Петропавл тас жолы қатынасындағы грейдерді жөндеуге ақшалай қаражат талап етіледі.

2022 жылға арналған міндеттер.

- Ауыл көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

- Ауылды абаттандыру, қоқыс шығару жұмыстарын жалғастыру.

- Мектептің 1 қабатында терезелерді орнатуды жалғастыру.

- Ауылда балалар ойын алаңын орнату.

 

Ауыл әкімдігінің үй - жайында тұрғындардың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлеріне арналған арнайы жәшік орнатылған.

 

 

Дата публикации
26 июля 2022