Костычево ауылдық округі әкімінің
әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі
Аудандық жергілікті атқарушы органдарының барлық жұмысы мемлекет басшысы айқындаған және республикамыздың экономикасын дамытуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерді орындауға, мәселелерді шешуге бағытталған.
Костычево ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады - ол Костычево, Донское және Маяк ауылдары. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 540 адамды құрады, оның ішінде 410 адам Костычево ауылында, 128 адам Донское ауылында, Маяк - 2 адам. Ауылдық округ бойынша жалпы халық санының 238-і жұмыспен қамтылса, 78-і зейнеткерлер, 69-ы мектеп жасына дейінгі балалар, 100-і мектеп жасындағы балалар, 2-і тыл еңбеккері, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - 4, көп балалы отбасы – 12, I, II, III топтағы мүгедектер – 11 адам.
Ауыл шаруашылығы – өсімдік және мал шаруашылығы.
Округтің халқы негізінде ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, оның құрамында 11 ЖШС, 1 ПТ және 78 шаруа қожалықтары бар. Бөлшек сауда және жолаушылар тасымалымен айналысатын 5 жеке кәсіпкер тіркелген. Сондай-ақ, тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығынан да табысы бар.
2022 жылдың 1 шілдесіне округтағы ірі қара малдың саны 272 бас (44 басқа көбейді), жылқы – 167 (16 басқа көбейді), МРС – 657 (17 басқа азайды), шошқа – 470 (119 басқа азайды), құстар – 1513 (22 дана азайды).
Ауылдық округтің АШТӨ бойынша ірі қара малдың саны 353 бас (82 басқа көбейді), қой – 742 бас (128 басқа өсті), жылқы – 703 бас, шошқа – 175 бас.
«Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуында белгілі жұмыстар атқарылуда.
Табиғи төтенше жағдайлардың алдын алу, тасқын суларының ұйымдасқан және апатсыз өтуін болдырмау және елді мекендерді су басуды (су басуын) болдырмау, көктемгі су тасқынының келеңсіз зардаптарынан халықты сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында су тасқынына қарсы келесі іс-шаралар жүргізілді:
1) іс-шараларды басқару және үйлестіру үшін ауылдық округ аумағында су тасқынына қарсы жедел штаб құрылды;
2) 2022 жылдың көктеміндегі су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары және су тасқыны кезеңіне тәулік бойы кезекшілік кестесі жасалып, бекітілді;
3) «им. Костычева» және «Жарқайың» ЖШС механикаландырылған топтары инертті материал әкеліп, бөгеттің бұру бөлігі жабылды.
Осы жұмыстар үшін «им. Костычева» ЖШС 2,5 млн. теңге, «Жарқайың» ЖШС 823 622 теңге бөлді, оған жанар-жағармай, жұмысшылардың еңбекақысы кіреді.
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде ауылдық округтің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында полиция учаскелік инспекторының шақыруымен абаттандыру мәселелері бойынша Костычево және Донское ауыл тұрғындарының жиыны өтті. 1 мамырға дейін әкім аппаратының қызметкерлері мен полиция учаскелік инспекторы тұрғындарға іргелес аумақтарда санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу туралы 175 хабарлама таратты. Тұрақты түрде мемлекеттік ұйымдар бірлесіп 7 «таза бейсенбілік» және 5 сенбіліктер өткізілді.
«Жарқайың», «Колос» ЖШС және «Надежда-5», «Век» шаруа қожалықтары Костычево ауылы аумағынан 530 тоннаға жуық қоқыс, көң, күл-қожды шығарды. ҚТҚ шығаруына ЖӨБ қаражатынан 300 000 теңге «им. Костычева» ЖШС-ға бөлінді. Қоғамдық ғимараттардың, ұйымдардың және тұрғын үйлердің қасбеттерін әктау, косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Костычево ауылындағы медпункттің шатыры өз күшімен жөнделді.
Мамыр айында мектеп, балабақша, медициналық пункттер, мәдениет үйі, «им.Костычева» және «Жарқайың» ЖШС 61 гүл клумбалары отырғызылды. Мәдениет үйі мен саябақтың аумағына 70 түп ағаш отырғызып, әкталды. Тозығы жеткен баннерлер ауыстырылды.
Көшелерді, саябақты және алдыңғы бақшаларды қоқыс пен қураған ағаштардан жүйелі түрде тазартатын 2 қоғамдық қызметкер қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Костычево және Донское ауылдарында жеке сектордың малын бағу ұйымдастырылды.
«Жарқайың» және «им. Костычева» ЖШС өрт сөндіру бойынша меморандумдар жасалды.
Мектептің педагогикалық ұжымы мен оқушылары, барлық мекеме-ұйымдар қызметкерлері Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізіп, Жеңіс күніне еңбек майданына қатысушыларға құрмет көрсетті. Екі тыл еңбеккеріне 5000 теңге және азық-түлік пакеті бөлінді. Балаларды қорғау күнінде балаларға арналған үлкен іс-шара өткізілді, жалпы сомасы 95 000 теңге болатын тәттілер таратылды. Елорда күніне көп балалы отбасы Н.В. Абрамовичтың балаларына 6000 теңге көлемінде тәттілер жиынтығы түрінде көмек көрсетілді.
Ауылшаруашылық құрылымдары көктемгі егіс жұмыстарының барлығын ойдағыдай және уақытылы жүргізді. Қазір шаруа қожалықтары кесек мал азығын дайындаумен айналысуда. Диқандар мен жеке сектор 775 тонна шөп шауып, жеткізген.
Ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған жұмыстар:
Есепті кезеңде 4 тұрғындар жиыны өткізіліп, ауылдық округ әкімінің 41 нормативтік құқықтық актілері шығарылды, 24 нотариаттық іс-әрекеттер жасалды, 33 анықтама берілді, жеке тұлғадан 1 өтініш түсті, 6 өтініш ауылдық округі әкімінің жеке қабылдауында қаралды. Барлық түскен өтініштер бойынша оң шешімдер қабылданды. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің өзекті мәселелері бойынша 6 жиналысы өткізілді.
Учаскелік полиция инспекторы Әсет Оралұлы Қажғалиев Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындалған күннен бастап құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Костычево, Донское, Маяк, Үшқарасу ауылдары № 5 әкімшілік бөлімшеде, сомен қатар, Пятигорское, Отрадное, Кенское, Тасоткель ауылдарында қызмет етеді.
Профилактикалық іс-шаралардағы лауазымдарға талдау жасап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды, атап айтқанда:
Ауылдық округтің проблемалық мәселелері:
- Донское ауылында ауыз судың жоқтығы, модульдік станция орнату қажет;
- Костычево ауылындағы мектептің шатырын күрделі жөндеудің шұғыл қажеттілігі;
- Донское ауылынан Костычево ауылына оқушыларды тасымалдау үшін автокөлік сатып алу қажет;
- Шағын орталықты жөндеу қажет, орын тапшылығы, ұзын-сонар кезек;
- Донское ауылында медициналық қызметкердің болмауы;
- интернеттің жүйесі істен шығуы, станцияны ауыстыру қажеттілігі;
- Донское ауылындағы елді мекен жолдарды жөндеу.