Далабай ауылы әкімінің 2-тоқсан бойынша есебі

Далабай ауылы әкімінің 2-тоқсан бойынша есебі

 

2022 жылдың 1 шілдесіне Далабай ауылы бойынша халық саны – 260, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы экономикалық белсенді халық – 131.

Далабай ауылы бойынша бүгінгі таңда - 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі , 11 - шаруа қожалықтары өз жұмыстарын жалғастыруда. Далабай ауылының ауыл  шаруашылығына арналған тек қана шаруа қожалықтарында - 11793,5 га жер телімі бар, жыртылатын жер (егістік) – 8925,5 га, жайылым жерлер - 1186 га, шабындық - 1682 га.   Өңделген жерлер көбіне шаруа қожалықтарының еншісіне тиесілі.

Далабай ауылы бойынша 73 үй иелері бар, оның ішінде 55 үй иесі жеке мал ұстайды. 2022 жылдың 1 шілдесіне қара мал саны – 465, жылқы – 177 бас, ұсақ мал – 1094 бас.

 Ауылымыздағы «Далабай негізгі орта мектебінде» 14 мұғалім жұмыс істейді. Мектепте оқушы саны – 50. Мектеп қабырғасынан ашылған "Болашақ"  шағын орталық бала-бақшасы бар, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде.

Ауыл кітапханасы ауыл әкімі аппаратының ғимаратында бір бөлмесінде орналасқан, кітап қоры 13780 дана және ауылда медициналық пункт жұмыс істеуде штаттық саны -2. 2021 жылы ауылдағы шаруа қожалықтарының көмегімен ауылдың медпунктіне орташа құрылыс жөндеу жүргізілді.

 Қазіргі уақытта Интернетке қосылу үшін қол жетімді порттар жеткіліксіз. Оннан астам отбасы интернетке қосылуды күтуде. Қажетті құрал-жабдықты алғаннан кейін тиісті жұмыстар жүргізіліп, барлығы интернетке қосылады.

Ауылдағы  проблемалық мәселелері:

1.Ауылдың ішіндегі жолдарды жөндеу.

2.Ауылдың көшелерін жарықтандыру.

 

2022 жылға болашаққа арналған іс-қимыл бағдарлама:

  1. Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу арқылы шағын және орта бизнесті, мал шаруашылығын дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жұмыстары жалғасады.
  2. Ауыл аумағын абаттандыру, ағаштар мен бұталарды отырғызу.
  3. Қоғамдық қауіпсіздік пен әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Дата публикации
26 июля 2022