ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 24 сәуірде Жарқайың ауданының Тассуат ауылының әкімін Тассуат сайлау округі бойынша сайлау өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Тассуат ауылы әкімі сайлауының қорытындылары туралы №504 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:
Тассуат сайлау округі
Тассуат ауылы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 197 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 168. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 7.
Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:
Калашникова Т.С. – 7; Сайдалина А.Т. – 15; Тастеміров Р.Қ. – 143.
Тассуат ауылының әкімі болып Тастеміров Рашид Қалибекұлы 1981 жылы туған, Тассуат ауылының тұрғыны, «Жарқайың ауданының Тассуат ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі сайланды, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.
Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы