2022 -2024 жылы Жарқайың ауданы Уәлихан ауылдық округінің Азамттық бюджетты

  2022 -2024 жылы Жарқайың ауданы Уәлихан ауылдық округінің Азамттық бюджетты

 

1-бөлім "Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау) сатысына.

 

 

Бюджет кодексінде айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті болып табылады.

 

Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген Мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі.

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті Қазақстан Республикасы Министрлігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттерді әзірлеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-1-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі

 

Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 7с-23/2 шешімімен қабылданған 2022 жылғы негізгі әлеуметтік көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

2022 год

Ең төменгі күнкөріс деңгейі

36018

Зейнетақының ең төменгі мөлшері

46302

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері

19450

Ең төменгі жалақы мөлшері

60000

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

3063

 

          Уәлиханов ауылдық округінің бюджеті үш жылдық кезеңге арналған "Жарқайың ауданының Державинск қаласының, ауылдық округтерінің және ауылдарының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы сессиясының № с-23/2 шешімімен (2022-2024 жылдар) бекітілген.

          2022 – 2024 жылдарға арналған Уәлиханов ауылдық округінің бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына, Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ тұтыну бағаларының өсу индексіне сәйкес қалыптастырылды және дербес атқарушы органдардың штат санының лимитін негізге ала отырып есептелді.

 

Уәлиханов ауылдық округі бюджетінің негізгі параметрлері
2022-2024 жылдарға арналған

                                                                                                                                              млн.тенге.

Наименование

2022 год

2023год

2024 год

Бекітілген бюджет

Бекітілген бюджет

Утверж. бюджетБекітілген бюджет

Түсімдер, оның ішінде:

44 728,0

24 495,0

26 301,0

 

 

 

 

1. Кірістер, оның ішінде:

7331,0

7 624,0

7 929,0

Салықтық түсімдер

7331,0

7 624,0

7 929,0

Табыс салығы

578,0

601,0

625,0

Жеке табыс салығы

578,0

601,0

625,0

Меншікке салынатын салықтар

4 400,0

4 575,0

4 758,0

Мүлік салығы

25,0

26,0

27,0

Жер салығы

420,0

436,0

453,0

Көлік салығы

3 955,0

4 113,0

4 278,0

Ішкі салықтар тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге

2 353,0

2 448,0

2 546,0

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер

2 353,0

2 448,0

2 546,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

37 397,0

16 871,0

18 372,0

  Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

37 397,0

16 871,0

18 372,0

Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен түсетін трансферттер

37 397,0

16 871,0

18 372,0

Шығыстар

44 728,0

24 495

26 301

Бағдарлама 124 001"Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер".

17 028

18 295

19 801

Бағдарлама 124007 "тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық"

7 000

0

0

Бағдарлама 124008 "елді мекендерде көшелерді жарықтандыру"

5 500

0

0

Бағдарлама 124011  Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

1 500

6 200

6 500

Бағдарлама 124 014 "Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру"

20 000

0

0

Бағдарлама 124 028 "Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу"

700

0

0

Бағдарлама 124 013 " Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда ,кенттерде,ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету "

17 028

18 295

19 801

 

 

Түсімдер

 

2022-2024 жылдарға арналған Уәлиханов ауылдық округі бюджетінің кірістерін қалыптастыру Облыстың 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, бірқатар жылдар ішіндегі іс жүзіндегі түсімдердің, 2021 жылғы кірістер түсімдерін бағалаудың негізінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізінде жүзеге асырылды.

2022-2024 жылдарға арналған Уәлиханов ауылдық округі бюджетінің меншікті кірістері келесі көлемдерде жоспарланған:
2022 жылы - 7331 мың теңге;
2023 жылы- 7624 мың теңге;
2024 жылы- 7929 мың теңге.

Уәлиханов ауылдық округі бюджетінің 2022 - 2023 жылдарға арналған кірістері мынадай көздер есебінен айқындалды: "салық түсімдері" бірінші санаты бойынша, оның ішінде 2022 жылға арналған меншікті кірістер;

1) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне 25 мың теңге сомасында салық;

2) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын елді мекендердің жерлеріне 420 мың теңге сомасында жер салығы;

3) аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда тіркелген жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық
3955 мың теңге.

"Трансферттер түсімі" 4 санаты бойынша, "аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен трансферттер" коды бойынша, бюджеттік қамтамасыз етілуді теңестіру мақсатында аудандық бюджеттен Уәлиханов ауылдық округінің бюджетіне мынадай көлемдерде субвенция белгіленді:
2022 жыл- 44728мың теңге;
2023 жыл - 24495 мың теңге;
2024 жыл- 26301 мың теңге.

 

  1. II. ШЫҒЫНДАР

 

2022-2024 жылдарға арналған Уәлиханов ауылдық округі бюджетінің шығындары келесі көлемдерде жоспарланған:
2022 жыл- 44728мың теңге;
2023 жыл - 24495 мың теңге;
2024 жыл- 26301 мың теңге.

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2022 жылға арналған 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобы бойынша шығыстар 44728 мың теңге сомасында көзделген.
124 001 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша 17028 мың теңге сомасында Уәлиханов ауылдық округінің басқару аппаратын ұстау жоспарланған, саны 4 штаттық бірлік.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

 

07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық"функционалдық тобы бойынша шығыстар 2022 жылға 7000 мың теңге сомасында көзделген.
124 008  "Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру" бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен елді мекендерді жарықтандыруға 5 500 мың теңге сомасында
124 011 "Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру" бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 1 500 мың теңге

 

                              Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік функционалдық тобы бойынша шығыстар 2022 жылға 20 000 мың теңге сомасында көзделген

 124 028 "Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс - шараларды өткізу" бағдарламасы бойынша 20 000 мың теңге Уәлиханов ауылдық округінде балалар-спорт алаңын орнатуға ,облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен.

 

                                          Көлік және коммуникация

 

2022 жылға арналған 12 "Көлік және коммуникация" функционалдық тобы бойынша шығыстар 700 мың теңге сомасында көзделген.

124 013 "Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен автомобиль жолдарының сапалы жұмыс істеуі бойынша жұмыстар жүргізу үшін 700 мың теңге жоспарлануда.

 

 

III. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО -
0,0 мың теңге.

 

IV.Бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге

 

  1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге.

 

 

 

 

 

                                           Түсімдер 44728млн теңге

 

                                          Кіріс-7331 млн. теңге

 

                                           Субвенциялар-37397 млн. теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 марта 2022