Далабай ауылы әкімінің 2021 жылға және 2022 жылдың 1-тоқсанына  арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Далабай ауылы әкімінің 2021 жылға және 2022 жылдың 1-тоқсанына

 арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

 

 

2022 жылдың 1 қаңтарына Далабай ауылы бойынша халық саны – 260, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы экономикалық белсенді халық – 131.

Ауыр жылға қарамастан, біздің ауылда белгілі бір жұмыстар атқарылды.Далабай ауылы бойынша бүгінгі таңда - 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі , 11 - шаруа қожалықтары өз жұмыстарын жалғастыруда. Осы жылы «Алин-Агро» ЖШС-нің басшысы Алин Нұрлан жылқы және қара мал бордақылау алаңын ұйымдастырмақшы.Далабай ауылының ауыл  шаруашылығына арналған тек қана шаруа қожалықтарында - 11793,5 га жер телімі бар, жыртылатын жер (егістік) – 8925,5 га, жайылым жерлер - 1186 га, шабындық - 1682 га.   Өңделген жерлер көбіне шаруа қожалықтарының еншісіне тиесілі.

Ауылдың диқандары егін егу және жинау науқанын ойдағыдай өткізді. Аулы бойынша орташа егін жинау центнеріне -7га алды.

Далабай ауылы бойынша 73 үй иелері бар, оның ішінде 55 үй иесі жеке мал ұстайды. 2022 жылдың 1 қаңтарына қара мал саны – 303, жылқы – 117 бас, ұсақ мал – 685 бас.

 Ауылымыздағы «Өмірлік негізгі мектебінде» 14 мұғалім жұмыс істейді, биыл  ауылға 4 жас мұғалім келіп жұмыспен қамтылды. Мектепте оқушы саны – 48. Биыл мектеп ғимараты ағымды жөндеуден өтті және мектепке 2500,0 млн теңге тұратын қазандық орнатылды. Мектеп қабырғасынан ашылған "Болашақ"  шағын орталық бала-бақшасы бар, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде.

Ауыл кітапханасы ауыл әкімі аппаратының ғимаратында бір бөлмесінде орналасқан, кітап қоры 13780 дана және ауылда медициналық пункт жұмыс істеуде штаттық саны -2. Биыл ауылдағы шаруа қожалықтарының көмегімен ауылдың медпунктіне орташа құрылыс жөндеу жүргізілді.

           Ауыл тұрғындары, барлық аккаунттарға жазылады, сонымен қатар әкім аппаратының танымал «Инстаграм» және «Фейсбук» әлеуметтік желілерінде өз парақтары бар, онда барлық жаңалықтар орналастырылады және қызығушылық тудыратын сұрақтар бойынша түсініктемелер беріледі. Біз ауыл тұрғындарының мәселелерін әлеуметтік желілер арқылы бақылап отырамыз.

Жұмыспен қамту бөіліміне 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2 адам тіркеліп, оның екеуі жұмыспен қамтылды.Ауылдық округтегі жұмыссыздарды жұмысқа тарту мақсатында, бос жұмыс орындарын тиімді пайдалану және атаулы әлеуметтік көмек алушыларды бірінші кезекте жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде жұмыстар алдағы уақытта атқарылады деп сенемін.

 Қазіргі уақытта Интернетке қосылу үшін қол жетімді порттар жеткіліксіз. Оннан астам отбасы интернетке қосылуды күтуде. Қажетті құрал-жабдықты алғаннан кейін тиісті жұмыстар жүргізіліп, барлығы интернетке қосылады.

Өздеріңіз білетіндей, ауыл әкімі аппараты 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын үнемі қадағалап отырады. Мерзімді түрде кейбір тауарларға бағаның өсуі байқалады, бұл тауарларды сырттан әкелуге байланысты және маусымдық сипатта болады.

Мобильді топ тұрғындардың санитарлық нормаларды сақтауын қадағалау мақсатында дүкендерде, адамдар көп шоғырланған жерлерде рейдтер жүргізуде, ол әрі қарай жалғасады.

Ауылдағы  проблемалық мәселелері:

1.Ауылдың ішіндегі жолдарды жөндеу.

2.Ауылдың көшелерін жарықтандыру.

 

2022 жылға болашаққа арналған іс-қимыл бағдарлама:

  1. Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу арқылы шағын және орта бизнесті, мал шаруашылығын дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жұмыстары жалғасады.
  2. Ауыл аумағын абаттандыру, ағаштар мен бұталарды отырғызу.
  3. Қоғамдық қауіпсіздік пен әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Құрметті ауыл тұрғындары !

        Еліміздің, оның ішінде ауылымыздың бүгiнi де, болашағы да өз қолымызда. Мiндет те, мүдде де баршамызға ортақ. Олай болса, ауылдың жетiстiгi мен дамыту жолында қол ұшын беретіндеріңізге сенім білдіремін!

Егініміз мол, қамбамыз қазыналы, берекеміз арта берсін!

 

Дата публикации
18 марта 2022