Жарқайың ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2022 жылдың 1-9 ақпаны аралығында есеп беру кездесулерінің барысында түскен мәселелер мен ұсыныстар жөніндегі ақпарат

 

Жарқайың ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2022 жылдың 1-9 ақпаны аралығында есеп беру кездесулерінің барысында түскен мәселелер мен ұсыныстар жөніндегі ақпарат

 

№ р\б

Ұсынысты кім айтты

(ТАӘ, кім болып жұмыс істейді)

Мәселенің, ұсыныстың (проблеманың) мазмұны

Қабылданған немесе қабылдануы жоспарланған шаралар

1

2

3

4

 Үшқарасу ауылы

1

Аблаев Ф.С., зейнеткер

Ауыл ішінедегі жолдардың жөнделуі

Демеушілік қаражатының есебінен ауыл ішіндегі жолдардың жөнделуіне сметалық есеп құрылғандығы түсіндірілді. Есептерге сәйкес нақты іс-шараға  61 486 800 теңге  қажет. Қазіргі уақытта сметалық есеп Жарқайың ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімімен қарастырылуда.

(Арыстанбеков А.К.- Үшқарасу ауыды әкімінің м.а.).

2

Қалшабеков М.К., Қарасу НМ мұғалімі

Қарасу негізгі мектебінің ағымдағы жөнделуі (теңестірілген ғимарат)

Демеушілік қаражатының есебінен мектептің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық есеп құрылғандығы түсіндірілді. Есептерге сәйкес қажет сома  5 000 000 теңге. Қазіргі уақытта сметалық есеп Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінде. (Арыстанбеков А.К.- Үшқарасу ауыды әкімінің м.а.).

3

Ахметова Ш., зейнеткер

Үшқарасу ауылындағы су тарату мұнарасы қоршауының жөнделуі

Көктем-жаз кезеңінің түсуімен нақты проблема қарастырылатындығы түсіндірілді. (Арыстанбеков А.К.- Үшқарасу ауыды әкімінің м.а.).

 

4.

Сулейменова Д.М., өз шаруасымен қамтылған

Көктемгі су тасқынына дайындық

2021 жылдың күзінде тұрғын үйлерге жақын орналасқан жолдарға құм төгілгендігі түсіндірілді. Инертті материалдар мен құм салынған қаптар дайындалды.  Су тасқыны кезеңінде ТЖ паспортына сәйкес құрылған ауылдың ерікті өрт сөндіру құрылымдары тартылатын болады. (Арыстанбеков А.К.- Үшқарасу ауыды әкімінің м.а.).

5

Есіл өзені өткелінің жаз-күз ауқытына жөнделуі

 

Аумақтың осы учаскесі аудан мен облыстың балансында екендігі түсіндірілді. Ауылдың АШТӨ және тұрғындары жыл сайын Есіл өзені өткелінің жаз-күз ауқытына жөнделуіне жұмыстар жүргізеді. (Арыстанбеков А.К.- Үшқарасу ауыды әкімінің м.а.).

 

Пятигор ауылы

6

Гончарова В.В., өз шаруасымен қамтылған

Балалар ойын алаңқайының абаттандырылуы бойынша

Биылғы жылы жергілікті өзін-өзі басқару қаражатының есебінен балалар алаңқайының, сонымен қатар оның қоршауының  абаттандырылуы жоспарланғандығы түсіндірілді. Осы іс-шараға ЖӨӨБ қаражатынан 500 мың теңге бөлінді. (Шәкірова Г.М. – Пятигор ауылының әкімі ).

7

Алиева Г.Д., жұмыспен қамту орталығының ассистенті

Ауыл жолдарының асфальттануы туралы

Ауыл ішіндегі  алты жолдың, соның ішінде Жамбыл Жабаев көшесінің жөнделуіне сметалық есеп дайындалғаны түсіндірілді. Есептер Жарқайың ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ берілді. Сметаға сәйкес алдын ала сомасы 102 млн. теңге. (Шәкірова Г.М. – Пятигор ауылының әкімі ).

 

Костычев ауылдық округі

8

Спивакова О.П., Костычев ауылдық округінің статистигі

 «Айгөлек» балабақшасының күрделі жөнделуі бойынша.

Биыл күрделі жөндеу қарастырылмағаны түсіндірілді. Жазғы уақытта шаруашылық субъектілерінің есебінен ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады. (Байдильдин Г.А. – Костычев ауылдық округінің әкімі)

9

Ярема С.Д., өз шаруасымен қамтылған

Кезбе иттер мен мысықтарды аулау туралы

Ұйықтататын дротиктер алынғандығы түсіндірілді, аулау а.ж. ақпан айында жүргізілетін болады. (Байдильдин Г.А. – Костычев ауылдық округінің әкімі)

10

Жүсіпбеков К.К., жеке кәсіпкер

Костычев ауылының Жастар көшесін жарықтандыру бойынша

 

А.ж. жазғы кезеңінде Жастар көшесін жарықтандыруға конкурс жарияланатындығы түсіндірілді. Нақты іс-шараға ЖӨӨБ қаражатынан 2 млн. 500 мың теңге бөлінетін болады.

(Байдильдин Г.А. – Костычев ауылдық округінің әкімі)

Құмсуат ауылы

11

Шайхыстанов Е.Ф.,жеке кәсіпкер  

Ауыл бейіті мен фермасына баратын грейдердің шайылған бөлігіне жөндеу жүргізу туралы

Ауыл бейіті мен фермасына баратын грейдердің шайылған бөлігіне жөндеу жүргізу АШТӨ күшімен жазғы кезеңде жүргізілетіндігі түсіндірілді.

(Рахимжанов Б.С. – Құмсуат ауылының әкімі)

12

Бекешев А.Б., мұғалім

Құмсуат ауылының тұрғындарын тұщы сумен қамтамасыз ету

Егінді жинау науқанынан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен су мұнарасына су сорғыштар мен ауыз су резервуарлары орнатылады.

(Рахимжанов Б.С. –Құмсуат ауылының әкімі)

Нахымов ауылдық округінің әкімі

13

Конурова Г.Х., Нахимов НМ директоры

Нахимов ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

 

Нақты жоба Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілгендігі түсіндірілді. Жүзеге асырылуы 2023 жылы жоспарланды Биыл Нахимов ауылын сумен қамту бойынша жоба-сметалық құжаттаманы дайындау жоспарланды, ол үшін аудандық бюджеттің есебінен 3 млн теңге бөлінді.

(Жүсіпова Ж.С. –Нахимов ауылдық округінің әкімі)

14

Жұмабекова А.М. Нахимов НМ мұғалімі

Нахимов ауылының көшелерін жарықтандыру бойынша

Биыл Т.Әубәкіров және Зеленая көшелеріне күн батареяларындағы светодиодты фонарлар орнату жоспарланды. Осы іс-шараларға жергілікті өзін-өзі басқару қаражатынан 530,0 мың теңге бөлінеді.  (Жүсіпова Ж.С. – Нахимов ауылдық округінің әкімі)

Львов ауылы

15

Дмитриева А.Т., «Ақбота» шағын орталығының тәрбиешісі

 «Ақбота» шағын орталығының даладағы ойын алаңқайына көлеңке жасау бойынша

 

2021 жылы бір балаға қажетті санитарлық нормаларға сәйкес көлеңке жасау үшін металлдан жасалғандығы түсіндірілді. Көлеңке жасау үшін металл алынды. Биыл 30 текше метр алаңына көлеңке жасалады.

(Кащеев Ю.Б. – Львов ауылының әкімі)

16

Исхаков И.Р., «Куаныш-2» ш/қ механизаторы

Львов ауылының көшелеріне құм төсеу және жөндеу туралы.

 

2021 жылы Львов ауылының Комсомольская, В. Терешкова көшелері,  сол сияқты мектеп пен Мәдениет үйінің алаңдары 50 млн.теңгеге асфальттанғаны түсіндірілді. «Осана Агро» ЖШС демеушілік көмегінің есебінен Мир көшесі асфальттанды. Целинная, Животноводов, Трудовая және Набережная көшелеріне қиыршық тас төселіп, грейдерленді. Биылғы жылы шаруашылық субъектілерінің күшімен қалған көшелер түзетіледі. Бұдан басқа, Ақмола облысының ТҮКШ басқармасына Львов ауылының көше-жол желілеріне орташа жөндеу жүргізуге жоба-сметалық құжаттама жолданды, яғни тағы 4 көшенің асфальттануына, сомасы 63,5 млн. теңге, т.е. еще на асфальтирование 4 улиц.

(Кащеев Ю.Б. –Львов  ауылының әкімі)

Уәлиханов ауылдық округі

17

Чаус Е.С., Уәлиханов ОМ шаруашылық ісінің меңгерушісі

Уәлиханов ОМ төбесінің шатырын жөндеу

Қазіргі уақытта шатырды жөндеу мен терезелерді ауыстыруға «Ақ Бидай» ЖШС демеушілік қаражатының есебінен 1 800 000 теңге сомасына жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Құжаттар конкурс процедураларын өткізу үшін білім бөліміне жолданды.

(Омаров М.Б. –Уәлиханов ауылдық округінің әкімі)

18

Нұров Е.Б., Уәлиханов ОМ мұғалімі

Уәлиханов ауылдық округіндегі жастардың спорт уақытын өткізуді ұйымдастыру.

Уәлиханов ауылдық округінің әкімдігімен футбол, баскетбол оййындары үшін қоршауы бар 20х40 метрлік көп функционалды спорт алаңының құрылысына сметалық құжаттама құрылды.  Нақты іс-шараларға облыстық бюджеттен 20 млн. Теңге бөлінеді.

(Омаров М.Б. – Уәлиханов ауылдық округінің әкімі)

Пригород ауылы

19

Сомтемирова Г.К., глава ИП «Сомтемирова» ЖК басшысы

Пригород ауылының Молодежная көшесі және  Рабочих даңғылының, Ленин көшесінің бойындағы арықтардың ретке келтірілуі жөнінде

 

 «Айко» және «Рассвет» шаруа қожалықтарының демеушілік көмегінің есебінен жазда осы көшелердегі арықтар ретке келтілетіндігі түсіндірілді..

(Әубәкіров Е.О. –Пригород ауылының әкімі)

 

20

Козакевич Н.М., өз шаруасымен қамтылған

Пригород ауылының Мәдениет үйіндегі блок-модульдік қазандықтың орнатылуы жөнінде.

 

Пригород ауылының Мәдениет үйі аудандық мәдениет үйінің балансында, ағымдағы жылдың сәуіріне блочно-модульдік қазандықтың орнатылуына 27 млн.теңге бөлінді. А.ж. маусымында Аудандық мәдениет үйімен конкурстық процедуралардың өткізілгеніне кейін, блок-модульдік қазандықтың орнатылуы бойынша жұмыстар басталады.

(Әубәкіров Е.О. –Пригород ауылының әкімі)

Шойындыкөл ауылы

21

Флора  О.Е.,  ауылдық медициналық пунктің медбикесі

Шойындыкөл ауылының су жүргізуін қайта жөндеу бойынша

Шойындыкөл ауылының су жүргізуін қайта жөндеу бойынша тарату желілерісіз, ауылдың аумағында су бұрғылау мұнарасын орнатумен жоба-сметалық құжаттама әзірленгендігі түсіндірілді. Жобаның құны - 482  миллион теңге.  Мердігер ұйым «Монолит» ЖШС,  Алматы қ., 482 млн. теңгеге шарт бекітілді А.ж. наурызынан құрылыс-монтаждық жұмыстар басталады.

(Бердығали Н.Қ.  Шойындыкөл ауылының әкімі)

22

Долинина  В.В.,  өз шаруасымен қамтылған

Шойындыкөл ауылының көшелерін жарықтандыру

 

Көшелерді жарықтандыру үшін фонарлар орнату жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда екендігі түсіндірілді. А.ж. тамызында Абай және  Широковская көшереліне орнатылады. Әр іс-шараға жергілікті өзін-өзі басқару қаражатынан 2 млн. теңге бөлінді.

(Бердығали Н.Қ.  Шойындыкөл ауылының әкімі)

Бірсуат ауылы

23

Вовченко О.А- «Ростовское Агро» ЖШС бас бухгалтері

Бірсуат ауылында жаңа мектеп салу жөнінде

МЖБ   BI-Gpoup аясында 110 орындық блок-модульдік мектептің құрылысы 850 млн. теңгеге жоспарланды.жер теліміне құқық орнату құжаттары алынды, мемлекеттік сараптама қорытындысымен қоса жоба-сметалық құжаттама бар. Бірақ, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты, жобаны қайта есептеу жүргізілуде. Бюджетті бекітпеу жағдайында, бұрынғы балабақша ғимаратын қайта жөндеу мәселесін қарастырамыз.  

 (Әбенова Б.М. –Бірсуат ауылының әкімі)

24

Тентелова А.В- зейнеткер

Бірсуат-Тасты Талды хабарламасымен грейдердің жөнделуі бойынша.

Орташа жөндеу жұмыстарына жоба дайындалғандығы түсіндірілді, сомасы 715 миллион, мемлекеттік сараптамадан өтті. Облыстық бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді. 2022 жылдың бірінші тоқсанында мердігерді анықтауға конкурс жарияланады (Әбенова Б.М. –Бірсуат ауылының әкімі)

Жаңадала ауылдық округі

25

Касымов С.А.  Жарқайың ауданы «Коммунсерви» ШЖҚ МКК темір ұстасы

Тасты-Талды ауылы орталық саябағының абаттандырылуы және қоршау орнату туралы

Бүгінгі күні 96 метр қоршау орнатылды, қалған 206 метрі дайындалып, ауылдық округке жеткізілді, орнату бекітілген қосымша шартқа сәйкес ағымдағы жылдың мамырында жалғастырылады. Жасыл көшеттерді отырғызу (шырша, емен, сирень), сол сияқты саябаққа фонарлар мен орындықтар орнату биылғы жылдың күзінде жүргізіледі. (Хамзин К.І.  Жаңадала ауылдық округінің әкімі)

26

Агаев Р.М. «Агро-Нур-Азия 2014» ЖШС күзетінің бастығы

Тасты-Талды ауылының көшелерін асфальттау бойынша

 

Ауылдық округтің 8 көшесіне жоба-сметалық құжаттама әзірленгендігі түсіндірілді. Бюджеттік өтініш Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарастыруға берілді. (Хамзин К.І. Жаңадала ауылдық округінің әкімі)

27

Климова И.Д. Тасты-Талды орта мектебінің шаруашылық ісі жөніндегі меңгерушісі

Жаңадала ауылын жарықт андыру туралы

10 көшені (соның ішінде Жаңадала ауылының 4 көшесіне) жоба-сметалық құжаттама ЖӨӨБ қаражатының есебінен 1 млн. теңгеге әзірленгендігі түсіндірілді. Бюджетті мәслихаттың сессиясында ағымдағы жылдың наурызында бекітілгеннен кейін, мемлекеттік сараптамаға жолданатын болады. (Хамзин К.І. Жаңадала ауылдық округінің әкімі)

Гастелло ауылы

28

Аликперова К.М., Гастелло орта мектебінің іс қағаздарын жүргізуші

Гастелло  ауылының Новосельская көшесін жөндеу бойынша

Гастелло ауылының - Новосельской, Бондаренко, Московская көшелерін,  Юность даңғылын орташа жөндеуде жоба-сметалық құжаттама әзірленгені түсіндірілді. Құны 286 199,3 мың теңге. Өтініш Ақмола облысының ТҮКШ және энергетика басқармасының қарастырлуында.  (Кадыров С.К. – Гастелло ауылының әкімі)

29

Мухамбеткалиев Абдисалам-зейнеткер

Гастелло ауылының көшелерін жарықтандыру жөнінде

Биыл Бондаренко көшесіне күн батареясымен жарық диодты фонарлар орнату жоспарланғандығы түсіндірілді. Осы мақсаттарға жергілікті өзін-өзі басқару қаражатынан 500 мың теңге бөлінді.

(Кадыров С.К. – Гастелло ауылының әкімі)

Отрадный ауылдық округі

30

Щерба Ю.П., Отрадный орта мектебінің мұғалімі

Отрадный негізгкі мектебін жөндеу бойынша

2021 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің күшімен Отрадный орта мектебінің күрделі жөнделуіне 242 млн. теңге сомасына жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Облыстық бюджеттен ағымдағы жөндеуге 103 млн. теңге Отрадный НМ электрмен жабдықтауға, шатырын жөндеуге, терезе рамаларын ауыстыруға бөлінді. Жұмыстар оқу процессінің аяқталғанынан кейін басталады.  (Жұмағұлов Г.К. - Отрадный ауылдық округінің әкімі)

31

Павлова Е. В., Отрадный ауылының қазпошта бөлімшесінің бастығы

Отрадный ауылының ішіндегу жолдарды жөндеу бойынша

2021 жылы Отрадный ауылының 4 көшесін жөндеуге сметалық есеп жасалды. 2022 жылы  «Ауыл ел бесігі» бағдарламасының аясында  3 көшенің: Тың, С. Сейфуллин, Бак көшелерін ағымдағы жөндеу жоспарланды. А.Иманов көшесін орташа жөндеу жүргізіледі: қиыршық тас төсеу. Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 60 млн. теңге сомасында қаражат жоспарланды, жұмыстар жазда жүргізіледі. (Жұмағұлов Г.К. - Отрадный ауылдық округінің әкімі)

 

Тасөткел ауылы

32

Бибатырова Р.С.,

кітапханашы

Тасөткел ауылының М.Бимұқанов көшесін қосымша жарықтандыру

Биыл көшелерге жарық диодты фонарлар орнату жоспарланды. А.ж. қазанында осы мақсаттарға жергілікті өзін-өзі басқару қаражатынан 150 мың теңге бөлінді.

(Саухимова С.Т. – Тасөткел ауылының әкімі)

33

Раисов С.С., спорт жөніндегі әдіскер

Грейдер жолдарының жөнделуі

 

«Державин - Тасөткел» учаскесінің  «Державин – Үшқарасу жолының орташа жөнделуі»жобасы, учаскесінің ұзындығы – 33,4 км. 2021 жылы облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді және толық көлемде аяқталды. Себебі шарт 2 жылдық болып табылады, 2021 жылы Ақмола облысының ТҮКШ және энергетика басқармасына бюджеттік өтінім жасалды, сомасы 338 617,9 мың теңге. Нақты сома расталып, облыстық бюджеттен бөлінді.

(Саухимова С.Т. - Тасөткел ауылының әкімі)

Далабай ауылы

34

Бегалин А.Б., өз шаруасымен қамтылған

Далабай ауылының ішіндегі жолдарды жөндеу жөнінде

Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге жоба-сметалық құжаттама әзірленгені түсіндірілді. Жобаның құны  117 645,6 мың теңге. Өтініш Ақмола облысының ТҮКШ және энергетика басқармасында қарастырылуда.

(Бейсенова Б.С. – Далабай ауылының әкімі)

35

Курмантаева Р.Ж., өз шаруасымен қамтылған

Далабайауылының көшелерін жарықтандыру жөнінде.

 

Биыл ауыл көшелеріне көшелерге жарық диодты фонарлар орнату жоспарланғаны түсіндірілді. Осы мақсаттарға жергілікті өзін-өзі басқару қаражатынан 1 891,5 мың теңге бөлінді.

(Бейсенова Б.С. -Далабай ауылының әкімі)

Тассуат ауылы

36

Байбосинов Б.А., өз шаруасымен қамтылған

су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар жөнінде

Көктемгі су тасқынына қарсы шараларды өткізуге наурыз айында «Холодный» ЖК шарт бекітілді. Осы шараларға 430 мың теңге қаражат бөлінді. Жолдарды қардан тазалау, арықтарды тазарту жөніндегі жыл сайынғы жұмыстар жүргізіледі.

(Тастеміров Р.К.  Тассуат ауылының әкімі)

Державин қаласы

37

Тетенюк М., өз шаруасымен қамтылған

Жазғы су жүргізудің құбырларын ауыстыру бойынша

2022 жылы су құбырларын ауыстыру бойынша жұмыстар жалғастырылатындығы түсіндірілді. «Коммунсервис» ШЖҚ МКК ұжымдық өтініштердің түсу ретіне қарай құбырлар ауыстырылатын болады. (Өмірзақов Т.Б. – Державин қаласы әкімінің м.а.)

38

Зейнолла Е.В.,  өз шаруасымен қамтылған

Ишимская және Ленин көшелеріндегі көп пәтерлі тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылуға қосу туралы

Бүгінгі күні Ақмола облысының ТҮКШ және энергетика басқармасына тарату желілері мен блок-модульдік қазандықтың орнатылуына бюджеттік өтініш жолданғаны түсіндірілді. Шығынның жалпы сомасы 302 млн. теңге. Жобаның іске асырылуы кезінді 29 көп пәтерлі үй немесе 220 пәтер орталық жылуды қолдана алады. Қаражаттың бөлінгенінен кейін жұмыстар басталады.

(Өмірзақов Т.Б. – Державин қаласы әкімінің м.а.)

39

Мейрамғали И.К., студент

Державин қаласының жарықтандырылмаған көшелерін жарықтандыру бойынша

Ақмола облысының Энергетика және ТҮКШ басқармасына Державин қаласының (екінші кезек) көшелерін жарықтандыру жүйесін қайта жөндеу бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге өтініш дайындалып жатқандығы түсіндірілді. Оң қорытынды алған жағдайда, Державин қаласының жарықтандырылмаған көшелерін және кенттерін  жарықтандыру ЖСҚ қорытындысы қарастырылады. ЖСҚ әзірлеуге қажетті сома 15 млн. теңге.

(Өмірзақов Т.Б. – Державин қаласы әкімінің м.а.)

40

Өтегенов К.Т.,

 «Галион» АҚ күзетшісі

Су жүргізу үшінші кезегі жұмыстарының жедел аяқталуы бойынша

Қаржыландыру 2021-2023 жылдарға есептелгені түсіндірілді. Қаражаттың жедел бөлінуі жағдайында, жұмыстар 2022 жылы аяқталуы тиіс.  Сәйкес келетін өтініштер бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жіберіледі. (Өмірзақов Т.Б. – Державин қаласы әкімінің м.а.)

41

Искакова Г., қала тұрғыны

Кезбе иттерді аулау бойынша

Кезбе иттерді аулау жөніндегі іс-шаралар облыстық бюджеттен қаржыландырылатындығы түсіндірілді. 2021 жылы кезбе ит, мысықтардың 288 басы ауланды. Биыл кезбе иттер мен мысықтарды аулауға қарастырылған қаражат наурызға жоспарланды. Сондай-ақ Державин қаласы әкімінің аппаратымен осы іс-шараларды ертерек уақытқа ауыстыруға шаралар қабылданды. Себебі 2022 жылдың қаңтарында кезбе иттерді аулау бюджеттік емес қаражаттың есебінен жүргізілді, нақты жұмыс жалғасуда.

(Өмірзақов Т.Б. – Державин қаласы әкімінің м.а.)

 

 

Дата публикации
18 февраля 2022