«Жарқайың ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» 2019 жылғы 3 мамырдағы № А-5/188 қаулысының күші жойылды деп тану туралы»
Жарқайың ауданы әкімдігі қаулысының жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
Осы арқылы «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Жарқайың ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» 2019 жылғы 3 мамырдағы № А-5/188 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын (әрі қарай - Жоба) әзірлегенін хабарлаймыз.
Жоба түсіндірме жазбамен және салыстырмалы кестемен бірге «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6378496 сілтемесі бойынша орналастырылған.