Жарқайың ауданының әкімдігі 2022 жылғы 23 ақпанда сағат 11:00-де Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ленин көшесі, 34 мекенжайы бойынша орналасқан Жарқайың ауданы әкімдігінің ғимаратында 2022 жылғы көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі комиссияның отырысы өтетінін хабарлайды.
Ағымдағы жылғы 31 қаңтарда аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Жарқайың ауданында көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау бойынша өтінімдер қабылдау басталатыны туралы хабарландыру жарияланды. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 21 ақпанына дейін жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, ұсынылған құжаттар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, сіз оларды Комиссия отырысында ұсына аласыз.