Ақмола облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 1/180 қаулысы

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 24 қаңтардағы № 1/180

қаулысы

 

2022 жылға тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерiн сайлауда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердiң әкiмдерiне кандидаттардың республикалық бюджеттен өтетiн шығыстарының мөлшерiн белгiлеу туралы.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiне кандидаттың республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн шығыстарының мөлшерi 1-3-қосымшаларға сәйкес белгiленсiн.

Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсыну үшін мемлекеттен бөлінген қаражат шегінде баспа және/немесе интернет-басылымдардағы, теле- және радиоарналардағы жарияланымдар көлемін дербес қайта бөледі.

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

Сайлау комиссиясының

төрағасы                                                             М.Садуов

 

Сайлау комиссиясының

хатшысы                                                              Н. Политкин

 

 

2022 жылғы 24 қаңтардағы

№ 1/180 шешімге

1-қосымша

 

 

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттардың сайлаушылар саны 2000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бойынша республикалық бюджеттен төленетін шығыстары

 

 

1) мерзімді баспа басылымдарында немесе интернет-басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

2) телевидениеде бағдарламамен орындау (тікелей немесе жазылған) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

3) радиода 10 минуттық бағдарламамен орындау – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

4) үгіт материалдарын шығару – 60 000 (алпыс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайды жалға алу – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың аудан орталығынан шалғай орналасуына байланысты) – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.

 

 

2022 жылғы 24 қаңтардағы

№ 1/180 шешімге

2-қосымша

 

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттардың сайлаушылар саны 2001-ден 5000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бойынша республикалық бюджеттен төленетін шығыстары

 

1) мерзімді баспа басылымдарында немесе интернет-басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

2) телевидениеде бағдарламамен орындау (тікелей немесе жазылған) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

3) радиода 10 минуттық бағдарламамен орындау – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

4) үгіт материалдарын шығару – 70 000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде;

5) үй-жайды жалға алу – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

6) көлік шығыстары (аудандағы елді мекендердің санына және олардың аудан орталығынан шалғай орналасуына байланысты) – 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде.

 

 

2022 жылғы 24 қаңтардағы

№ 1/180 шешімге

3-қосымша

 

 

Халық саны 5000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бойынша республикалық бюджеттен төленетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстары

 

 

1) мерзімді баспа басылымдарында немесе интернет-басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

2) телевидениеде бағдарламамен орындау (тікелей немесе жазылған) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

3) радиода 10 минуттық бағдарламамен орындау – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

4) үгіт материалдарын шығару – 80 000 (сексен мың) теңге сомасында;

5) үй-жайды жалға алу – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың аудан орталығынан шалғай орналасуына байланысты) – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде.

Дата публикации
07 февраля 2022