Жарқайың ауданының әкімдігі 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Жарқайың ауданында көктемгі егіс жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау бойынша өтінімдер қабылдау басталатынын хабарлайды.

Жарқайың ауданының әкімдігі 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Жарқайың ауданында көктемгі егіс жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау бойынша өтінімдер қабылдау басталатынын хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 21 ақпанына дейін жүзеге асырылады. Өтінімдер Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ленин көшесі, 34 мекенжайындағы «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында немесе zharkain-odo@aqmola.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Қатысушыларға (әлеуетті операторларға) келесі құжаттар пакетін ұсыну ұсынылады:

  1. МӨЗ-тан мұнай базасына дейін отынды тасымалдау бойынша есептеу (шығындар калькуляциясы), мұнай базасы мен АЖС-тан босату бағасын көрсете отырып, ЖЖМ операторының коммерциялық ұсыныстары.
  2. Бюджет алдында мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы салық қызметінен анықтама.
  3. Мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екені туралы банктің анықтамасы.
  4. Мүлікке ауыртпалықтың жоқтығы туралы анықтама.
  5. Бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада қаржы қаражатының бар екендігі туралы оператордың банктік шотынан үзінді көшірме немесе Екінші деңгейдегі банктен кредит желісін ашу туралы ниет хаты.
  6. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтау және босату үшін мұнай базаларының болуы.
  7. Қажет болған жағдайда дизель отынын АШТӨ-ге уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бензин тасушылардың болуы.
  8. Автожанармай құю станцияларының болуы және АШТӨ үшін дизель отынын талон жүйесі бойынша босату жөніндегі келісім.
  9. Әлеуетті оператор әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне күн сайын ақпарат беруге міндетті.
  10. Дала жұмыстары кезінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат.

Өтінімдерді қарау уақыты қосымша хабарланады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Державинск қаласы, Мир көшесі, 78, немесе 8(71648)9-14-59 телефоны бойынша.

Дата публикации
31 января 2022