Жарқайың ауданының аумағындастационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жарқайың ауданының аумағындастационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының                   1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жарқайың ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Б.П. Шоновқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  4.  

Жарқайың ауданының әкімі

 

Ж. Хамитов

Дата публикации
14 января 2022