«Жарқайың ауданының елді мекендераумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл,көше, көппәтерлі тұрғын үйтұрғындары өкілдерініңсанын айқындау тәртібін бекіту туралы»Жарқайың ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 ақпандағы № 7С-3/1 шешімінеөзгерістер енгізу туралы

«Жарқайың ауданының елді

мекендераумағында бөлек

жергілікті қоғамдастық жиындарын

өткізу және жергілікті қоғамдастық

жиынына қатысу үшін ауыл,көше,

көппәтерлі тұрғын үйтұрғындары

өкілдерініңсанын айқындау тәртібін

бекіту туралы»Жарқайың ауданы

мәслихатының 2021 жылғы 8 ақпандағы

№ 7С-3/1 шешімінеөзгерістер енгізу туралы

 

 

Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Жарқайың ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 ақпандағы № 7С-3/1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8360 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Жарқайың ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау осы шешімнің 1, 2 - қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың хатшысы                                           А.Әлжанов

 

 

 

 

Жарқайың аудандық

мәслихатының

2021 жылғы «8»ақпандағы

№ 7С-3/1шешіміне

1-қосымша

 

Жарқайың аудандық

мәслихатының

2021 жылғы «8»ақпандағы

№ 7С-3/1 шешімімен

бекітілген

 

 

 

Жарқайың ауданының елді мекендерінің аумағында

бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы тәртіп Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй.
  2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

 

 

 

 

 

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
  3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
  4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
  5. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
  6. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
  2. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
  3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

Жарқайың аудандық

мәслихатының

2021 жылғы «8»ақпандағы

№ 7С-3/1шешіміне

2-қосымша

 

 

Жарқайың аудандық
мәслихатының
2021 жылғы «8»ақпандағы№ 7С-3/1 шешімімен
бекітілген

 

Жарқайың ауданының елді мекендерінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

 

р/с     №

Жарқайыңауданыныңелдімекенініңатауы

Жарқайыңауданыныңелдімекендеріаумағындағыжергіліктіқоғамдастықжиынынақатысуүшінауыл, шағын аудан,көше, көппәтерлітұрғынүйтұрғындарыөкілдерініңсаны (адам)

1.

Державин қаласы

10

2.

Далабайауылы

5

3.

Тассуатауылы

5

4.

Тасөткелауылы

5

5.

Бірсуатауылы

6

6.

Құмсуатауылы

5

7.

Львов ауылы

8

8.

Пятигор ауылы

5

9.

Гастелло ауылы

8

10.

Үшқарасуауылы

5

11.

Шойындыкөлауылы

5

12.

Пригород ауылы

6

Отрадный ауылдықокругі

13.

Отрадный ауылы

5

14.

Кен ауылы

5

Жаңадалаауылдықокругі

15.

Тасты-Талдыауылы

8

16.

Зерноград ауылы

5

17.

Жаңадалаауылы

5

Костычевоауылдықокругі

18.

Донское ауылы

5

19.

Костычевоауылы

5

Уәлиханауылдықокругі

20.

Уәлиханауылы

7

21.

Достықауылы

5

Нахимов ауылдықокругі

22.

Нахимов ауылы

5

23.

Баранкөлауылы

5



 

«Жарқайың ауданының елді мекендераумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл,көше, көппәтерлі тұрғын үйтұрғындары өкілдерініңсанын айқындау тәртібін бекіту туралы»Жарқайың ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 ақпандағы № 7С-3/1 шешімінеөзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
10 ноября 2021