Жарқайың ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2021 жылдың қаңтар-ақпанда өткізілген есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді
жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспары
|
рет№
|
Айтылған ұсыныстар/ ескертулер |
Іс-шараларды орындау мерзімі |
Орындаушылар |
Ескерту |
|
Жарқайың ауданы |
||||
|
1. |
Державин қаласындағы Станционная көшесінің жолына жөндеу жүргізу
|
23.11.2021 дейін |
Жарқайың ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ
|
Орындалды. А.ж. маусым айында "Арқа-К" ЖШС Державин қаласының Станционная, Трудовая, Целинная, Абай, Смағұлов, Майкөтов және т.б. көшелеріндегі жол учаскелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізді (суық асфальт-бетон қоспасынан тегістеу қабатын және орақ тәрізді пішінді қиыршық тастан негіз қалау). Аталған мақсаттарға облыстық бюджеттен 150 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. |
|
2. |
ДСУ-71 кентінде автобус аялдамасын орнату
|
01.07.2021дейін |
Жарқайың ауданы «Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ
|
Орындалды. А.ж. маусым айында Державин қаласының ДСУ-71 ауданында автобус аялдамасы орнатылды. Аталған іс-шараға жергілікті бюджеттен 600 мың теңге сомасында қаржы бөлінді. |
Жарқайың ауданының әкімі Ж. Хамитов