Жарқайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының әкімін
сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының әкімін сайлау бойынша Бірсуат ауылы аумағының шекарасында Бірсуат сайлау округі құрылсын.
2. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, Жарқайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Жарқайың тынысы», «Целинное знамя» газеттерінде жариялансын.
Жарқайың ауданының
аумақтық сайлау комиссиясының
төрайымы Ж.Рамазанова
Жарқайың ауданының
аумақтық сайлау комиссиясының
хатшысы Э.Абитаева
Державин қ.
2021 жылғы 27 тамыз,
№ 32/212