Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7С-2/2 «Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша»;
Көрсетілген шешімнің 1,2,3 қосымшалары жаңа редакцияларда осы шешімнің 1,2,3 қосымшаларына сәйкес жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.