Бүгін Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов жетінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының кезектен тыс өткен он бірінші сессиясына қатысты.
Сессия жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияға аудандық мәслихат депутаты А.Әлжанов төрағалық етті.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
«Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы».
«Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері бойынша комиссия құрамын бекіту туралы».
«Жарқайың ауданыәкімдігінің жанында тұрғын үй комиссия құрамын бекіту туралы».