Ұсыну
1) азаматтың осы сайлау округі бойынша кандидат болып сайлануға ниеті туралы өтініші;
2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
Тіркеу
Тіркелу үшін сонымен бірге ұсынылу қажет:
3) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғаны туралы Мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (425 000тнг).
Мәслихат депутаттығына әрбір кандидат бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелгенге дейін және оған Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде(425 000 теңге) сайлау жарнасын енгізеді.
Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Барлық басқа жағдайларда енгізілген жарна қайтаруға жатпайды және республикалық бюджеттің кірісіне айналдырылады.
Ұсыну-ағымдағы жылдың 14 қазанынан 27 қазан сағат 18.00 дейін
Тіркеу- ағымдағы жылдың 14 қазанынан 01 қараша сағат 18.00 дейін