2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жарқайың аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Жарқайың аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2026 жылғы 13 қазандағы

№ 43/34 қаулысына қосымша

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Жарқайың аудандық мәслихаты депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей

                 (14-б. 6) т., 22-б.)

 

2. Аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                         

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)                   

 

          3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау              

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

         

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

 

 

 

 

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғарғы басшы органы 2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады

(103-б.)

6. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Тіркелгенге дейін

                                                                               (104-б. 2-т.)

8. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

2026 жылғы 14 қазанда басталады және 1 қарашада сағат 18:00-де аяқталады

                                                       (104-б.)

          9. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды  тіркеу туралы хаттаманы аудандық  сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

                                                                             (104-б. 5-т.)

10. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                          (104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.)

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

 (14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт.,  31-б.)

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде                                                                        

 (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу   

 

 

Округтік сайлау комиссиялары

Кандидат тіркелгеннен кейін  

                                                                               (34-б. 6-т.)

14. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                               

 

Округтік сайлау комиссиялары

Айына екі рет

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

                                

 

 

 

 

 

Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2026 жылғы 1 қарашаға дейін

                                                                                 (28-б. 6-т.)

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу                                                                                                           

 

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2026 жылғы 1 қарашада сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 қарашада нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

          17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                                 (28-б. 4-т.)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026 жылғы 8 қараша

(26-1 б. 1-т.)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін өзі туралы мәліметтермен танысуы үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

                             

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2026 жылғы 13 қарашадан бастап

                                                                  (26-б. 1-т.)

         

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                             

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 қарашаға дейін                                                                

 

         21. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 қарашаға дейін      

(38-б. 1-т., 3-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2026 жылғы 26 қарашадан ерте емес және 28 қарашаға дейін

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

 

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

25. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспаса, сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну                                                

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

28. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды  аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

29. Округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық мәслихат депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу                        

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткен күннен кейін екі  күндік мерзімнен кешіктірмей                                                                                                                                                   

2026 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей

(14-б.  9) т, 44-б. 2-т., 108-б.2-т)

 

30. Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күннен кешіктірмей                                                                          

2026 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірмей

                                                                                               

(111-б. 1-т.)

31. Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары  туралы хабарды аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылғы 5 желтоқсаннан кешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

32.  Сайланған аудандық мәслихат депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен төсбелгі тапсыру                                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)                

 

33. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру

 

 

 

 

 

Кандидаттар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен

кешіктірмей

(34-б. 9-т.)

          34. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты аудандық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Күнтізбелік жоспардың 33-тармағында ҚР ОСК-ның 07.08.1999 жылғы № 19/222 қаулысының «Арнайы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына» сілтеме жасалған.

Дата публикации
14 октября 2026