Азаматтық бюджет Жарқайың ауданы Құмсуат ауылы 2026-2028 жылдарға арналған

Негізгі түсініктер,

 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде қолданылады,

4 деңгейдегі бюджетке қатысты

       
     
   
 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді нақты ажыратуға, түсімдер мен шығыстарды ашық бөлуге негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.

Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 15 мамырдағы № 8С-68/2 «Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-63/2» Жарқайың ауданының Державин қаласының, ауылдық округтері мен ауылдарының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы «шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.

 

Азаматтық бюджет

Жарқайың ауданы Құмсуат ауылы

2026-2028 жылдарға арналған

Бөлім 1. Жоспарлау және бюджетті бекіту

 

      2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Жер кодексіне, Бірыңғай бюджеттік классификацияға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жоспарланған.

1.1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2025 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;

      2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 35 596 теңге;

      3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-69 049 теңге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай – ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-4 325 теңге;

      5) ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

 

1.2. Құмсуат ауылы әкімі аппараты бюджетінің кірістері мен шығыстары

  1. Кіріс

 

Құмсуат ауылының 2026 жылғы бюджетінің меншікті кірісі 4800 мың теңге құрайды.                                                                                                     мың. теңге

 

        I. Кіріс           

2026 жыл (жоспар)

2027 жыл (жоспар)

2028 жыл (жоспар)

Барлығы: кіріс

29426,0

27812

27187

Салық түсімдері, оның ішінде:

4800

4986

5192

Табыс салығы

70

73

75

Меншік салығы

39

40

43

    Жер салығы

17

18

19

Көлік салығы

1974

2050

2135

Бірыңғай жер салығы

1600

1665

1730

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер

1100

1140

1190

Жерді пайдалану төлемдері

1100

1140

1190

Салықтық емес түсімдер

 

 

 

Негізгі қорларды сатудан түсетін түсімдер

 

 

 

Трансферттердің түсімдері

24626,0

23726

21995

     

  1. Шығындар

 

            2026  жылға шығыстар функционалдық топтар мен бюджеттік бағдарламалар бойынша жалпы сомасы 30 млн 447,0 мың теңге  сомасында көзделген.

 

Құмсуат ауылы 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті

                                                                                                                         мың. теңге                                                                                                                                                                                                      

Функционалды топтар бойынша

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

БАРЛЫҒЫ

30447,0

27812

27187

Жалпы мемлекеттік қызметтер

24924,9

22826

22387

Тұрғын үй және коммуналдық қызметтер

4321,0

3786

3600

Көлік және байланыс

1200

1200

1200

трансферттер

1,1

0

0

 

Жалпы, 2026 жылға арналған шығыстардың жалпы көлемінен бюджет шығыстары (пайыздық қатынаста): 16,3% - меншікті қаражат, 83,7 %- трансферттер.

                           

            Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік қызметтер саласындағы бюджет шығыстары жергілікті атқарушы органды ұстауға бағытталатын болады.

2026-2028 жылдарға арналған «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» саласына шығыстар.                                                                                    мың. теңге

Аты-жөні

2026

год

2027

год

2028

год

БАРЛЫҒЫ

24924,9

22826

22387

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппараты

24924,9

22826

22387

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

0

0

0

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Жалпы осы салаға 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде 4 млн.321 мың теңге қарастырылған.

«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 3 млн.021 мыңтеңге қарастырылған,бұлқаражаттіректердіжалға алуға,  жарықтандыру бойынша электр энергиясынаақытөлеуге, күнбатареяларында көшелерді жарықтандырутіректерінорнатуғабағытталатынболады.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты-желілерді ағымдағы күтіп ұстауды, электр энергиясына ақы төлеуді, заманауи жарықдиодты шамдарды жөндеу мен жаңғыртуды, сондай-ақ жарықтандырудың нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтитын көшелерді сенімді және тиімді түнгі жарықтандыруды қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігін арттыру.    

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша.

 Жалпыосысалаға 2026-2028 жылдарғаарналғанауылбюджетінде елді мекендіабаттандырушеңберіндеҚұмсуат ауылында қоқыс шығару үшін1млн.300мыңтеңгеқарастырылған.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты-жайлы, қауіпсіз және эстетикалық тартымды орта құру, экологиялық жағдайды жақсарту және елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру.

Көлік және коммуникация

«Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша

Жалпыосысалаға 2026-2028 жылдарғаарналғанауылдықокругбюджетінде1млн.200мыңтеңгеқарастырылған.

Бюджеттікбағдарламаныңмақсаты-жергіліктіжолдардықалпына келтіру, күтіп ұстаужәнетиістіжағдайдапайдалануарқылыхалықтыңөмір сүру сапасынжақсарту, тұрғындарүшінқолайлыжағдайлар жасау, жыл бойыжол жүру менкөліккеқолжетімділіктіқамтамасыз ету.

         Трансферттер

           «Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару» бағдарламасы бойынша 1,1 мың теңге сомасында қаражат қайтарылды.    

   2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 млн 021  мың теңге сомасында пайда болған бос қалдықтар пайдаланылды.

Бұған жазғы және қысқы күтім, қардан тазарту арқылы қол жеткізіледі. 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінде көзделген іс-шаралар барлық қолданыстағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге және ауылды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

 

Дата публикации
29 июня 2026