Азаматтық бюджет Жарқайың ауданы Жаңадала ауылдық округі 2026-2028 жылдарға арналған

Негізгі түсініктер,

 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде қолданылады,

4 деңгейдегі бюджетке қатысты

       
     
   
 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді нақты ажыратуға, түсімдер мен шығыстарды ашық бөлуге негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.

Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 15 мамырдағы № 8С-68/2 «Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-63/2» Жарқайың ауданының Державин қаласының, ауылдық округтері мен ауылдарының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы «шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.

 

Азаматтық бюджет

Жарқайың ауданы Жаңадала ауылдық округі

2026-2028 жылдарға арналған

Бөлім 1. Жоспарлау және бюджетті бекіту

 

      2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Жер кодексіне, Бірыңғай бюджеттік классификацияға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жоспарланған.

1.1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2025 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;

      2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 35 596 теңге;

      3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-69 049 теңге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай – ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-4 325 теңге;

      5) ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

 

1.2. Жаңадала ауылдық округі әкімі аппараты бюджетінің кірістері мен шығыстары

  1. Кіріс

 

Жаңадала ауылдық округі бюджетінің кірісі 2026 жылы 15500 мың теңгені.    

                                                                                                                           мың. теңге

 

        I. Кіріс           

2026 жыл (жоспар)

2027 жыл (жоспар)

2028 жыл (жоспар)

Барлығы: кіріс

68485,9

207304

213465

Салық түсімдері, оның ішінде:

15500

16112

16761

Табыс салығы

1646

1712

1780

Меншік салығы

105

109

113

    Жер салығы

140

145

150

Көлік салығы

4350

4521

4704

Бірыңғай жер салығы

7259

7545

7851

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер

2000

2080

2163

Жерді пайдалану төлемдері

2000

2080

2163

Салықтық емес түсімдер

 

 

 

Негізгі қорларды сатудан түсетін түсімдер

 

 

 

Трансферттердің түсімдері

52985,9

91192

196704

     

  1. Шығындар

            2026  жылға шығыстар функционалдық топтар мен бюджеттік бағдарламалар бойынша жалпы сомасы 68 млн 965,6 мың теңге.

 

Жаңадала ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті       

                                                                                                                  мың. теңге                                                                                                                                                                                                      

Функционалды топтар бойынша

2026 год

2027 год

2028 год

БАРЛЫҒЫ

68965,6

207304

26751

Жалпы мемлекеттік қызметтер

53465,3

497651

49588

Тұрғын үй және коммуналдық қызметтер

9568

9568

9568

Көлік және байланыс

5932

6207

5221

трансферттер

0,3

0

0

 

Жалпы, 2026 жылға арналған шығыстардың жалпы көлемінен бюджет шығыстары (пайыздық қатынаста): 22,6% - меншікті қаражат, 77,4 %- трансферттер.

                            

            Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметте

Жалпы мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бюджет шығыстары жергілікті атқарушы органдарды ұстауға бағытталатын болады.

«Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бағыты бойынша 2026-2028 жылдарға арналған шығыстар. 

                                                                                                         мың. теңге

Аты-жөні

2026

год

2027

год

2028

год

БАРЛЫҒЫ

53465,3

49765

49588

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппараты

53465,3

49765

49588

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

0

0

0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

          Жалпы осы салаға 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінде 9 млн.568 мың теңге қарастырылған.

            «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 2 млн.868 мың теңге қарастырылған.

            Бюджеттік бағдарламаның мақсаты-желілерді ағымдағы күтіп ұстауды, электр энергиясына ақы төлеуді, заманауи жарықдиодты шамдарды жөндеу мен жаңғыртуды, сондай-ақ жарықтандырудың нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтитын көшелерді сенімді және тиімді түнгі жарықтандыруды қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігін арттыру.

            «Елді мекендерде санитарияны қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жорғалаушы қыша шабуға 0,2 млн. теңге қарастырылған.

            Бюджеттік бағдарламаның мақсаты-аумақтарды таза ұстау, абаттандыру және елді мекендердегі қалыпты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету.

            «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша

            Жалпы осы салаға 2026-2028 жылдарға арналған ауыл бюджетінде елді мекенді абаттандыру шеңберінде Жаңадала ауылдық округінің Бірсуат, Тасты-Талды ауылдарында қоқыс шығару үшін 6 млн.500 мың теңге көзделген.

            Бюджеттік бағдарламаның мақсаты-жайлы, қауіпсіз және эстетикалық тартымды орта құру, экологиялық жағдайды жақсарту және елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру.

Көлік және коммуникация

            «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша

           

            Жалпы осы салаға 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінде 5 млн.932 мың теңге қарастырылған.

            Бюджеттік бағдарламаның мақсаты-жергілікті жолдарды қалпына келтіру, күтіп ұстау және тиісті жағдайда пайдалану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасау, жыл бойы жол жүру мен көлікке қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұған жазғы және қысқы күтім, қардан тазарту арқылы қол жеткізіледі.

     Трансферттер

           «Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару» бағдарламасы бойынша 0,3 мың теңге сомасында қаражат қайтарылды.    

   2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 479,7 мың теңге сомасында пайда болған бос қалдықтар пайдаланылды.

          2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінде көзделген іс-шаралар барлық қолданыстағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге және ауылдық округті одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Дата публикации
29 июня 2026