Жарқайың ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «1» желтоқсандағы
№ _А-12/345 қаулысымен
бекітілді
Жарқайың ауданының
«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер мемлекеттік мекемеге кіріс енгізетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңнамалык актілермен ұсынылса, ондай қызметтен түскен кіріс егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылмаса, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің мақсаттарды мен міндеттері
1) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мәселелері бойынша Мемлекет басшысының саясатын, Үкімет қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдерін іске асыру;
2) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы басқару қызметі;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер өткізу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтың мәдениетін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын дамыту;
2) әлеуметтік саланың мемлекеттік саясатын жүргізу, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
3) мемлекеттік жоспардың тапсырмаларын орындау және мемлекеттік тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;
4) ауданның рухани және экономикалық әлеуетін, ұлттық мәдениетін, тілін дамытуға жәрдемдесу, әлем және Қазақстан Республика туралы білімді тарату;
5) кітапханалар, клубтар, мәдениет үйлері, мұражайлар, мәдениет және демалыс саябақтары ұйымдарына басшылықты жүзеге асыру;
6) мәдениет ескерткіштерін есепке алуды және қорғауды қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру;
8) мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту;
9) мәдени-ағарту мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету;
10) мемлекеттік тілдің қоғамдық функцияларын дамыту және кеңейту мәселелерінде мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;
11) кітапханалар практикасына қазіргі заманғы технологияларды енгізу, халықтың мәдени бос уақытын ұйымдастыру;
12) ауылда халық шығармашылығы мен өнерін дамыту, халық дәстүрлері мен салттарын жаңғырту және насихаттау;
13) мәдени бос уақытты ұйымдастыру және халық шығармашылығының дамытуды қамтамасыз ету.
14) маңдайшаны Жарқайың ауданыныда орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.
15) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген тараптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдарды береді, Қазақстан Республикалық әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады.
3-тарау. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) Мемлекеттік мекеме туралы ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында орнатылған ретпен Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін мадақтау, оларға тәртіптік жаза салуды жүзеге асырады;
7) Мемлекеттік мекеменің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан, басқа да ұйымдарда мүддесін ұсынады;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған жеке жауапты;
10) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасады;
11) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Негізгі қызметкер болмаған кезеңде оны алмастыратын адамға қаражатты үнемдеу шегінде негізгі қызметкердің лауазымдық жалақысының 50% - іне дейін қосымша ақы төленеді.
4-тарау. Мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату